Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.
Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
Осы орайда адамзат ойшылдарының кейбір пікірлеріне құлақ түріп көрелік.
1 Шынайылықсыз тірлік қылу мүмкін емес. Идеалға ұмтылусыз өмір сүру мүмкін болмайды. ***
2 Адамзаттың қолы жеткен небір жетістіктер кезінде жай ғана арман болатын. К.Сендберг
3 Адам баласы идеалға ұмтылмаса, ешқашан жетіліп, рухани өспейді. Ф.М.Достоевский
4 Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жетістікке жетуі мүмкін емес. Д.Дидро
5 Адам баласы ғажайыпқа өз қолы жетіп, өз көзімен көргенде ғана ғана сене алады. ***
6 Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл - дұрыс емес. У.Дайер
7 Белгілі нәрсені армандап, бірақ оған жақындауға жүрексініп отыра берсеңіз, мақсатыңыз сізден алыстай түседі. В.Зеланд
8 Басқа бақтың қонғанын қалау мен сол бақты көтеруге дайын болудың арасы аспан мен жердей. В.Зеланд
9 Болмасты армандама. Шындыққа тура қара. А.Дюма
10 Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. В.Зеланд
11 Арман - сол үшін барыңды құрбан қылуға тұрарлық ұлы мақсат. ***
12 Барлығымыз бір балшықта жүзіп жүрміз. Бірақ бір бірімізден айырмашылығымыз мынау - бірі жерге қарап тірлік қылса, бірі жұлдыздарға қол созып өмір сүреді. О.Уайлд
13 Тілегіңіз бен ойыңызға абай болыңыз. Жамандық ойламаңыз. Ешкімді қарғамаңыз. Ойдың, тілектің заттанатындығын естен шығармаңыз. ***
14 Ақылды адам - ойлай білетін, өз ойын басқара алатын жан. ***
15 Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай
16 Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға, Талаптың алты түрлі бар ноқтасы. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық - Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Шәкәрім
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: aeterna.qip.ru