Арманға жетудің жолы не?

Арманға жетудің жолы не?

Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.

Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?

Осы орайда адамзат ойшылдарының кейбір пікірлеріне құлақ түріп көрелік.

 




  1       Шынайылықсыз тірлік қылу мүмкін емес. Идеалға ұмтылусыз өмір сүру мүмкін болмайды. *** 




  2       Адамзаттың қолы жеткен небір жетістіктер кезінде жай ғана арман болатын. К.Сендберг 




  3       Адам баласы идеалға ұмтылмаса, ешқашан жетіліп, рухани өспейді. Ф.М.Достоевский 




  4       Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жетістікке жетуі мүмкін емес. Д.Дидро 




  5       Адам баласы ғажайыпқа өз қолы жетіп, өз көзімен көргенде ғана ғана сене алады. *** 




  6       Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл - дұрыс емес. У.Дайер 




  7       Белгілі нәрсені армандап, бірақ оған жақындауға жүрексініп отыра берсеңіз, мақсатыңыз сізден алыстай түседі. В.Зеланд 




  8       Басқа бақтың қонғанын қалау мен сол бақты көтеруге дайын болудың арасы аспан мен жердей. В.Зеланд 




  9       Болмасты армандама. Шындыққа тура қара. А.Дюма 




10       Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. В.Зеланд 




11       Арман - сол үшін барыңды құрбан қылуға тұрарлық ұлы мақсат. *** 




12       Барлығымыз бір балшықта жүзіп жүрміз. Бірақ бір бірімізден айырмашылығымыз мынау - бірі жерге қарап тірлік қылса, бірі жұлдыздарға қол созып өмір сүреді. О.Уайлд 




13       Тілегіңіз бен ойыңызға абай болыңыз. Жамандық ойламаңыз. Ешкімді қарғамаңыз. Ойдың, тілектің заттанатындығын естен шығармаңыз. *** 




14       Ақылды адам - ойлай білетін, өз ойын басқара алатын жан. *** 




15       Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай 




16       Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға, Талаптың алты түрлі бар ноқтасы. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық - Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Шәкәрім 


 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: aeterna.qip.ru