Аристотельдің нақыл сөздері

Аристотельдің нақыл сөздері

Аристотель - біздің заманымызға дейінгі 384 жылы дүниеге келген ойшыл. Әкесі оны жастайынан медицина мен философияға баулыды. Бұл кезеңдерде бұл екі түсінік бір-бірінен ажырамас нәрсе еді. Жас бала ата-анасынан ерте айырылады. Түптің түбінде Афинаға көшеді. Осы жерде атақты Платонмен кездесіп, соның шәкірті атанып мектебінде блім ала бастайды. Бірақ кейінірек Аристотель өз мектебін құрып, Платонның кейбір түсініктеріне келіспеушіліктерін ашық айтқан. 

Біздің заманымызға дейінгі 343 жылы Македония халқының патшасы II Филиптің шақыртуымен оның болашақ ізбасары 13 жасар Александрдің ұстазы атанады. Александр оны өле-өлгенше ұстаз санап, оның ғылыммен айналысуына бар жағдайды жасаған.

Александр дүниеден өткен соң, 62 жастағы Аристотель халықтың қудалауымен Афинадан кетіп, Халкис атты елді мекеге қоныстанады. Ол жерде де мыңдаған шәкіртті соңынан ерткен ол, бірер айдан кейін асқазан ауруынан дүние салады. Бұл біздің заманымызға дейінгі 322 жыл еді. 

Массагеттіктерге артына өшпес із қалдырған ұлы ғалымның нақылдарын ұсынамыз.

  • Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
  • Халыққа қызмет етіп, жақсылық жасау үшін ғаламды төңкеріп бай болып немесе күллі адамзатты басқарып, патша болуымыз міндетті емес. 
  • Бар ғаламның байлығын ұсынса да, ешкімнің доссыз өмір сүруге батылы жете қоймас.
  • Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.
  • Достарын бағалып, оны сүйетін адамдарды бағалаңыздар.
  • Жақсылық жасау - оның жанының мүмкіндіктерін барынша пайдалану ғана.
  • Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.
  • Адамды басқару өнеріне қызығып зерттеп жүрген адамдар халықтың болашағы оның жастарын тәрбиелеуде екендігін анық біледі.
  • Жомарт адам - керек кезде керекті адамға керекті нәрсесін беретін жан.
  • Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
  • Өмір сүру - бірдеңе сатып алып, біреуден бірдеңе сұрау емес, қажет нәрсеңді өз қолыңмен жасау.
  • Кеудесі кең адамның артықшылығы сол - жақсылықты өз пайдасы үшін емес, шын жаны ашығаннан қылады. 
  • Біздің мінезімізді құрайтын - біздің күнделікті әдеттеріміз.
  • Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
  • Көпшілікпен араласпайтын адам не құдай, не жануар.
  • Ақылдылық - біліміңді дұрыс пайдалана білуде.
  • Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.

 

сурет: book-science.ru