- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Анасының жүрегін өзгеге...
Анасының жүрегін өзгеге сыйлаған жігіт «Алтын жүрек» сыйлығын алды
Өзінің қайтыс болған шешесінің жүрегі мен бүйрегін мұқтаж науқастарға сыйлаған Игорь Воротников «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы Алматы қаласында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық театрында өтті.
Шарада Игорьдың адамгершілігі мен қайырымдылығы арқасында еліміздің екі бірдей азаматы өлім аузынан қалып отырғаны туралы сөз болды. Оның қайтыс болған 46 жастағы анасының жүрегі мен бүйрегі жарамды болғасын, өте қауіпті дерттің алдында тұрған науқастарға берілген. Кейінірек белгілі болғандай, Игорьдың анасы миға қан кету салдарынан қайтыс болған екен.
Жүрек ауруымен ауыратын Жәнібек Оспановқа жасалған жүрек ауыстыру отасы Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отырғанын айта кетейік. Игорь Жәнібекке өз кезегінде бақыт тілеп, құттықтады. Игорь Воротников анасы өмірден озса да, оның жүрегі әлі де соғып тұрғаны үшін дәтке қуат айтатынын да жасырмады.
Табыстау салтанатты шарасына Қазақстанның қоғам қайраткерлері, журналистер және қаржы институттарының меңгерушілері қатысты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: baq.kz
А. Құлтай