Алматылық Ұзқан Танабева 105 жасын тойлады. Осы орайда "Ғасыр құрдастары" акциясының аясында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев қарияны өзі келіп құттықтады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі K1.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Әжейдің айтуынша, ол бұл жасқа талмай еңбек етудің арқасында жеткен. Өмірін бидай өсіруге арнаған ол Ұлы Отан соғысында дәнді дақыл егіп, еңбек фронтында талмай қызмет еткен. Соғыстан соң нан зауытында зейнетке шыққанша жұмыс жасаған. Жеті бала өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды.
Айта кетелік, "Ғасыр құрдастары" акциясы Бостандық ауданында бірнеше жылдан бері соғыс ардагерлері кеңесі мен зейнеткерлердің қолдауымен өтіп келе жатыр.
"Дәл осылай ұзақ ғұмырын жақсылыққа арнаған азаматтар ауданымыздың басты мақтанышы", - деді Ағыбаев журналистерге берген сұхбатында.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ru.tsn.ua