- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Әлемді өзгерткен үшінші...
Әлемді өзгерткен үшінші алма
Стивен Пол Джобс (Steven Paul Jobs) - американдық өнертапқыш, кәсіпкер және Apple корпорациясының негізін салушыларының бірі 1955 жылы 24 ақпанда Сан-Франциско қаласы, Калифорния штатында дүниеге келген.
Абдулфаттах Джандали мен Джоан Симпсон Стивтің туған әке-шешесі, бірақ Стив жастайынан асыранды бала болып өседі. Оны асырап алған Пол мен Клара Джобс.
Стив Колифорния штатындағы Купертино қалашығында мектеп бітірген. Сабақтан соң Hewlett-Packard компаниясы өткізетін дәрістерге қатысып жүрді. Дәріс алып жүріп6 ол өзінің аттасы Стив Вознякпен танысады және жазғы демалыс кезінде екеуі бірге жұмыс істейді.
1972 жылы Стив Джобс Орегон штатының Портленд қаласындағы Рид-колледжіне оқуға түседі, бірақ бірінші семестрден соң оқудан шығып кетеді. Дегенмен, бірқатар сабақтарға қатысып жүрді, оның ішінде каллиграфия сабағы да болатын. Кейін Стив: "Егер де каллиграфия сабағын оқымағанында Макта ешқашан әріптер гарнитурасы не болмаса пропорцианалды әріптер де болмас еді» деп айтатын.
1974 жылы Джобс Калифорнияға келіп компьютерлік ойындар шығаратын Atari компаниясына жұмысқа орналасады.
1975 жылы Apple компаниясының алғашқы қызметкерлері болған Стив Джобс пен Даниэль Коттке рухани баю мақсатымен Индияға сапар шекті. Өз еліне Джобс ұлттық үнді киіміне киінген жылтыр басты буддист ретінде оралды. Өмірінің осы кезеңінде ол психделиктік заттарды тіпті ЛСД-ні(диэтиламид d-лизергинді қышқылы, психактивті зат бола тұра ол Ресейде заңды түрде наркотик болып есептеледі) қолдана бастады. Дегенмен, аталған кезең ұзаққа созылмады және көп кешікпей Atari-дегі жұмысына оралды.
Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн 1976 жылы Apple компаниясының негізін салды.
Алғашында олар компьютерлер құрастыру және оларды сатумен айналысты.
Компанияның дамуына байланысты беделді компаниялардан жаңа жетекшілер келіп жатты. Мысалы, 1978 жылы компанияның CEO (Chief Executive Officer – бас атқарушы директор) болып Майк Скотт тағайындалды. 1983 жылы Стив: «Сіз өмірбақи тәтті сусын сатып өткіңіз келе ме, әлде менімен бірге әлемді өзгертуге тырысып көресіз бе?» деген өзінің әйгілі сұрағымен Pepsico компаниясынан келген Джон Скаллиді қызықтырды және содан соң ол Майк Скотттың орнын басты.
1984 жылы 24 қаңтарда акционерлер жиынында Джобс бірінші коммерциялық тиімді қолданушының графикалық интерфейсі бар шағын Macintosh компьютерін ұсынды.
Бірақ 1984 жылдың соңында сатылым көрсеткіші күрт азайды. Соның салдарынан Джобс пен Скаллидің арасындағы әріптестік қатынас құлдырай бастады. 1985 жылдың мамыр айында Macintosh бөлімшесінің басшысы Скалли Джобсты жұмыстан шығарды.
Apple-дан жұмыстан шыққан соң, NeXT Computer компаниясын құрып, онда академиялық және ғылыми ортаға негізделген компьютер жабдықтарын жасауды жүзеге асырды.
Аталған жабдықтар сұранысқа ие бола алмаған соң, компания 1993 жылы бағдарламалық жабдықтауға көшті.
1996 жылы Apple компанияcs NeXT-ті 429 миллион доллармен өз меншігіне қаратып, Джобс Apple-ға қайтып оралды. 1997 жылдан бастап «уақытша» атқарушы директор қызметіне тағайындалып, 2000 жылы «уақытша» деген аттан құтылып, Apple компаниясының тұрақты CEO-сы болды.
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында аталған компания жоғары дәрежеде сатылап өсіп, электронды нарыққа iPod музыкалық ойнатқышын шығарды. 2007 жылдан iPod-тың барлық мүмкіндіктерімен телефон функциясы біріктіріліп, сенсорлы қалта телефоны, iPhone жарыққа шықты. Мұндағы мобильді браузер моделі мобильді интернет әлемінде нағыз төңкеріс жасады.
2010 жылы 27 қаңтарда Сан-Францискода Джобс Apple компаниясының iPad интернет планшетін таныстырды. Ал 2011 жылы 2 наурызда iPad2 таныстырылды.
1993 жылы Fortune журналы Джобсты Американың ең қатал басшылары қатарында атаса, 2009 жылы осы журнал соңғы он жылдықтағы ең білікті басшысы деп таныды.
2004 жылдың жазында Джобс Apple корпорациясының қызметкерлеріне өзінің ұйқы безі рагымен ауыратынын хабарлады. Қатерлі ісік хирургиялық жолмен жойылған болатын, бірақ ауру біржолата кеткен жоқ. Сондықтан Джобсқа стационарда жүйелі түрде ем қабылдау қажет болды.
2011 жылы 5 қазан күні 56 жастағы Стив Джобс өмірден озды. Атақты кәсіпкердің дүние салған білген көптеген американдықтар Apple Store дүкендер желісіне қайғы-қасыретке ортақтасу мақсатымен шам жақты.
Джобстың қазасына көңіл айтқан АҚШ президенті Барак Обама Стивті «американдық өнертапқыштықтың нағыз үлгісі» екенін, ал Билл Гейтс өз сөзінде жер жүзінде Стив секілді әлемге үлкен үлес қоса алатын адамдардың өте сирек кездесетінін және соның әсерін әлі тек бір ғана буын сезбейтінін айтты.
P.S. Стив Джобс тек әлемдегі ең үлкен компаниялардың бірінің табысты басқарушысы ғана емес, сонымен қатар, батыл қадамдарының арқасында тамаша табысқа жеткен IT-индустриясының данышпаны.
Суреттер pervushin.com, liveinternet.ru сайттарынан алынған