Аяулы оқырмандардың назарына VI—V ғасырларда өмір сүрген Қытай халқының дана ойшылы, даос философиясының негізін салушы Лао-Цзыдың қанатты сөздерін ұсынамыз.
Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады. Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады. Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі. Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды . Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас. Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады. Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз. Кез келген істе шектен шықпаған жақсы. Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады. Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз. Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды. Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық. Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін. Жауын жеңген - батыр. Өзін жеңген - ер. Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.сурет: 16thline.ru