- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Лао-Цзыдың қанатты...
Лао-Цзыдың қанатты сөздері
Аяулы оқырмандардың назарына VI—V ғасырларда өмір сүрген Қытай халқының дана ойшылы, даос философиясының негізін салушы Лао-Цзыдың қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
- Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
- Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі.
- Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.
- Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
- Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
- Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
- Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
- Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
- Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
- Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.
- Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.
- Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.
- Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.
- Жауын жеңген - батыр. Өзін жеңген - ер.
- Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.
сурет: 16thline.ru