Дмитрий Менделеев – тек Ресейдің ғана емес, бүкіл әлемнің даму бағытына зор ықпал еткен ғалым. Бүгін оның дүниеге келгеніне 186 жыл болыпты. Осы орайда ғалым өміріне қатысты қызықты деректер легін ұсынамыз.
► 16 аға-әпкесі болған. Дмитрий – отбасыдағы 17-ші бала.
► Педагогика университетінде нашар оқығаны үшін екінші жылға қалдырылған.
► Жас кезінде Гогольмен кездескен.
► Ол екі рет үйленген. 6 баласы бар.
► Менделеев кестесін түсінде көрді деген жалған ақпар.
► Классикалық музыка, соның ішінде, Бетховен шығармашылығын ұнатқан.
► Бірнеше рет Нобель марапатына ұсынылып, бір де бір рет алмаған.
► Оның ғылыми жұмыстарының 10 пайызы ғана химия ғылымына арналған.
► Менделеевтің қызы атақты орыс ақыны Блоктың әйелі болған.
► Өмірінің соңына дейін қоғамдық моншаға барған.