- Негізгі бет
- Нақты ғылымдар
- Мектепте неге ағылшын...
Мектепте неге ағылшын тілін үйрене алмадық?
Мектепте бірнеше жыл ағылшын тілі пән ретінде оқытылғанына қарамастан, тілді әлі толық меңгере қоймадыңыз. Оның себебі неде?
1. Ағылшын тіліне бөлінетін сағаттың аздығы:
Мектепте ағылшын тіліне аптасына екі-үш сағат бөлінеді. Одан бөлек, басқа пәндер ойынша үй жұмысыңыз болды. Ал, барлығына бірдей дәрежеде үлгеру тек «жұрттың баласының» қолынан келеді.
Тіпті, бірде-бір рет ағылшын сабағынан қалып көрмесеңіз де, шет тілін еркн меңгеріп алуыңыз мүмкін емес. Мектеп бағдарламасының міндеті – бастапқы білім беру: жеңіл мәтіндерді оқу, хат жазып үйрену және қысқаша мәтіннің мазмұнын айту. Дегенмен, мұның өзін жетілдіру үшін кейде қосымша сабақ керек.
2. Бір мұғалім – 20 оқушы.
Орташа есеппен бір сыныпта 20 оқушы бар. Ал, мектеп мұғаліміне барлық оқушының деңгейін бір дәрежеде ұстау міндеттеледі. Артта қалған оқушыларды барынша жетілдіруге тырысады. Ал, озық білетіндер үшін бір сабақты қайта оқу немесе өзгенің дәл сол деңгейге жетуін күту іш пыстырады, оқушы жалыға бастайды.
3. Грамматикаға уақыт көп бөлінеді:
Әрине, тілді үйрену үшін тілдің құрылымын білген дұрыс. Ал, мәселе тек грамматика оқумен шектеліп, тәірибеге уақыт жетпей қалады. Сіз сөйлемнің құрылымымен, бұрыс етістіктермен таныстыңыз. Соңында мынандай жағдай туады: ережелерді білесіз, бірақ қалай қолданатыныңызды білмей дал боласыз.
Шет тілінде еркін сөйлеп үйрену үшін, жаттығу кереу. Неғұрлым көбірек тілдессеңіз, соғұрлым жақсы. Өз қатеңізді ұға бастайсыз. Осылайша, бір оқпен екі қоян атасыз: тіл үйренесіз әрі адамдармен қарым-қатынас құруға деген қорқынышыңызды жеңесіз.
Т. Есқали