Әлем математика заңдылығына құрылған. Тамақ дайындау барысында, жолды есептегенде, кемпірқосаққа қараған сәтімізде, телефонмен сөйлескенде, тіпті мультфильмді қараған кезде де математика заңдарын кездестіреміз. Математика патшалығы әлемді түгелдей жаулап алған. Қарым-қатынасымыз айтарлықтай жақсы болмаса да, онымен санасуға келеді. Бұл ғылымның тілін қалай табуға болатынын білмейсіз бе? Онда сізге математика туралы 5 кітаппен танысуды ұсынамыз:
Микаэль Лонэ
«Математика туралы үлкен роман. Математика призмасы арқылы әлем тарихын білу»
«Большой роман о математике. История мира через призму математики»
«Математика — бұл әртүрлі затқа бір атау беру» – деп түсіндіреді матемтикаға ессіз ғашық Микаэль Лонэ. Ол кітабында математиканың ежелгі дәуірден бүгінге дейін қалыптасуын және дамуын сипаттайды. Автор кітабында қызықты деректер мен ежелгі тапсырмаларды, математиктердің шағын-биографиясын жазады. Сондықтан, математикаға алғашқы қадамды Лонэнің кітабынан бастауды ұсынамыз.
Саймон Сингх
«Симпсондар және олардың математикалық құпилары»
«Симпсоны и их математические секреты»
1999 жылы Time басылымы өзінің соңғы шығарылымында «Симпсон» анимациялық сериалын жүз жылдықтағы үздік телесериал деп атаған болатын. Америкалық телеиндустриядағы ұзақ мультсериалда (30 маусым) математика тақырыбы жиі көтеріледі. Айтпақшы, мультсериалдың басты сценаристі Гарвардта математика саласы бойынша бакалавр дәрежесін иемденген.
Британ журналисті Саймон Сингх математикалық иделар, ашылулар мен жұмбақтар кездесетін «Симпсондар» сериалының бөлімдерін баяндайды. Егер сіз бұл сериалдың басты жанкүйері болсаңыз, онда кітап сіздің талғамыңыз үшін таптырмас дүние екені анық.
Рудольф Ташнер
«Суықтан келген сан. Математика шытырманға айналғанда»
«Число, пришедшее с холода. Когда математика становится приключением»
Рим сандарын қалай көбейтуге болады, шахмат тақтасында қанша күріш дәнегі сыяды, Архимед қалай ең үлкен санды анықтаған – бұл және өзге де қызықты сұрақтардың жауабын аустралиялық Рудольф Ташнердің кітабынан таба аласыз.
Ол математика ғылымының тарихын, ғалымдардың ойлары мен маңызды математика заңдарын толыққанды сипаттайды. Автор мына сандық ғасырда математиканың атқарар рөлі зор екенідігіне сенімді және оны толықтай дәлелдеуге тырысады.
Ханна Фрай
«Махаббат математикасы. Заңдылық, дәлел мен мінсіз шешім іздеу»
«Математика любви. Закономерности, доказательства и поиск идеального решения»
Лондон Университетінің математика профессоры Ханна Фрай: «Көптеген құбылысқа математика жаңа көзқарастың туындауына себепші болады – тіпті, жұмбақ сезім махаббатқада». Өзінің кітабында тұрақты математика заңдарын өмірде қажетімізге жаратуға болады. Мысалы, математиканы қолдана отырып, таныстық сайттарындағы ақпаратты бір жүйеге енгізуге болады. Дрейк теңдеуі арқылы адамның кездесуі мүмкін кеңістіктегі жерден жырақ өркениет санын есептеуге болса, демек жердегі адамның өз серігін табу ықтималдылығын да есептуге болады. Автор адамдардың қарым-қатынасындағы түсініспеушіліктің ара-жігін ажырату үшін нақты ғылымды еркін қолданады. Кітап та әзіл де, дерек те, нақты ақпарат та кездеседі.
Нелли Литвак, Андрей Райгородский
«Математика кімге керек? Сандық әлемнің қалай қалыптасқаны жайында түсінікті кітап»
«Кому нужна математика? Понятная книга о том, как устроен цифровой мир»
«Неге біз экраннан көретін ақпарат белгілі бір реттілікпен орналасқан? Неге жарнамалар реті өзгеріп отырады? Әрбір жарнама мен хабарландыр артында ұлы математикалық иделар жасырулы».
Егер математика әлі күнге дейін жүрегіңізге жылулық сыйламаса, мына кітаптардың бірін оқып көріңіз. Егер сіз бұл саланың тұрақты жанкүйері болсаңыз, сіздің сезіміңізді нығайта түсетін себептерді осы кітаптардан табасыз.