- Негізгі бет
- Нақты ғылымдар
- Кітап оқу арқылы...
Кітап оқу арқылы қалыптасатын дағдылар
Кітап – ерекше әлем. Оқып отырып, сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Бойыңызда жаңа әдеттер қалыптасып, ойлау жүйеңіз өзгеріске ұшырайды. Кей адамдар тәжірибе жүзінде әлсіз болса да, оқудың арқасында биікті бағындырып жатады. Неге? Өйткені, оқу арқылы ойыңыз ұшқыр бола түседі. Кітап оқу арқылы тағы қандай дағдылар қалыптасады деп ойлайсыз?
1) Сіз дәрі-дәрмексіз-ақ ақылды бола түсесіз:
Кітап – ноотроптарды алмастыратын ең күшті дәрі. Ноотроптар – адамның ойлау жүйесін жеделдететін, есте сақтауды арттыратын, оқуға қабілетті жетілдіретін дәрумендік сипаттағы дәрілер тобы. Ал, кітап оқысаңыз, мұның керегі жоқ.
2) Біліміңізді толықтырып отырасыз:
Кітап оқыған сайын, біліміңіз жаңарып отырады. Автордың жазғанына қарап сіз өзіндік пікір қалыптастырасыз. Өзіңіз көргіңіз келген дүниені көресіз. Неғұрлым көп кітап оқысаңыз, соғұрлым жазу барысында да, сөйлеу кезінде де қиындықтарды оңай жеңесіз.
3)Жалғыздықта өмір сүріп үйренесіз:
Америкалық философ Эрик Хоффер бір сөзінде «Өзіммен өзім оңаша қалуым жаман ортада қалумен тең» деген болатын. Бірақ, мұнымен күресуге болады. Кітап оқу кезінде сізге шулы ортаның керегі жоқ. Үнсіздік пен жалғыздықта отырып кітаптың мазмұнын жақсы түсінесіз. Тіпті, жалғыз отыру кейде адам жиі кездесетін апаттардың алдын алады. Мысалы, француз математигі Блез Паскаль «Барлық сәтсіздіктер адам өз бөлмесінде тыныш отыра алмағандықта туады» деген болатын. Сіз қалай ойлайсыз?
4) Тәуекелге бел буа кірісуді меңгересіз:
Кітап оқу арқылы сіз өзгелердің өмірілік сабағына қанық боласыз. Көп оқу арқылы адамдар жақсы энергия мен идеялар генераторына айналады. Олар өздеріне сенімді бола түседі.
5) Шындықта қабылдап үйренесіз:
Көптеген адамдар ойланғанды жақсы көрмейді. Шындықты іздеп әуре болудан гөрі, өз бетімен өмір сүргенді дұрыс деп санайды. Дегенмен, кей адамдар ақиқатты табудың жалғыз жолы кітаптар мен тәмсілдер екенін жақсы біледі.
Кітапты жаныңызға серік етіңіз, оқырман!
Т. Есқали