- Негізгі бет
- Нақты ғылымдар
- Қанша оқушы қос...
Қанша оқушы қос үйірмеге қатысады?
Сізге миыңызды сәл іске қосуды қажет ететін жұмбақтар жасырмақпыз. Дайын болсаңыз, кеттік ендеше!
1) Сыныпта 35 оқушы бар. Олардың 20-сы математикадан қосымша сабаққа барады. Ал, 11 оқушы би үйірмесіне қатысады. Одан бөлек 10 оқушы ешқандай үйірмеге бармайды. Қос үйірмеге қатысатын оқушылардың саны қанша?
2) Үлкен қазанға не сыймайды?
3) Бұл нәрсе Эйфель мұнарасы секілді үлкен. Бірақ, салмағы 1 граммға сәйкес келмейді.
4) Адам өз үйінде қай уақытта бассыз жүреді?
5) Өзенде қандай тастар болмайды?
6) Атақты ағылшын жазушысы Бернард Шоу өзінің әріптестерімен мейрамханаға келеді. Олар өзара сөйлесіп отырады. Сол кезде оркестрдің дирижері келіп "Сіздің құрметіңізге не ойнап берейік?"– деп сұрайды. Тыныштықты қалап отырған Шоу " Егер..... осыны ойнасаңыз, қуанышты болар едім",– деп жауап қатады. Қалай ойлайсыз, ол не ұсынды?
7) Кәмпиттің қай түрі суық?
8) Көшеде екі әке, екі бала келеді. Барлығы неше адам келеді?
9) Кім отырып жүреді?
10) 1кг темір ауыр ма әлде 1 кг мақта ауыр ма?
Жауыбың пікірге қалдырыңыздар. Дүйсенбі күні толық әрі нақты жауабы сайтымызда жарық көреді.
Т. Есқали