Химия саласындағы 2020 жылғы Нобель сыйлығы Эммануэль Шарпентье мен Дженнифер Дуднаға геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін берілді. Бұл туралы 7 қазанда Нобель комитеті хабарлады.
Эммануэль Шарпан (Франция) мен Дженнифер Дудна (АҚШ) CRISPR / Cas9 геномын редакциялау технологиясын тапты. Осы арқылы жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің ДНҚ-сын дәлдікпен өзгертуге болады.
2012 жылы Шарпентье (Макс Планк қоғамының жұқпалы биология институтының профессоры және директоры, Франция Ғылым академиясының мүшесі және АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі) және Дудна (Берклидегі Калифорния университетінің профессоры, Ховард Хьюз атындағы медицина институтының қызметкері, және Ғылым академиясы мен АҚШ Медицина академиясының мүшесі) алғаш болып CRISPR / Cas9 механизмін бағдарламаланған гендік редакциялау үшін қолдануға болады деген ұсыныс білдірді. Бұл гендік инженерия саласындағы маңызды жаңалықтардың біріне айналды.
"Шарпентье мен Дудна Стрептококк бактерияларының иммундық жүйесін зерттегенде, олар генетикалық материалды дәл кесуге болатын молекулалық құралды тапты, бұл өмір сүру кодын өзгертуді жеңілдетеді. Осындай «генетикалық қайшыны» қолдану арқылы жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің ДНҚ-сына өте жоғары дәлдікпен өзгерістер енгізуге болады", - деп атап өтті комитет мүшелері.
"Бұл біздің бәрімізге әсер ететін өте күшті генетикалық құрал. Ол фундаменталды ғылымда төңкеріс жасап қана қоймай, оның арқасында инновациялық егін жинауға және емдеудің озық әдістерін жасауға болады", - дейді химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Клес Густавсон.
Соңғы жылдарда Нобель сыйлығына үміткерлердің қатарында үнемі Шарпентье мен Дудна аталып келген еді.
Айта кетейік, кеше физика саласы бойынша Нобель сыйлығы лауреттары белгілі болған еді.
Рейнхард Генцель, Роджер Пенроуз және Андреа Гезге физика саласындағы Нобель сыйлығы берілді.
Сыйлықтың жартысы Роджер Пенроузға (Оксфорд университеті, Ұлыбритания) "қара құрдымның пайда болуы жалпы салыстырмалылықтың сенімді болжамы екенін анықтағаны үшін", екінші жартысын Рейнхард Хансель (Макс Планк астрофизика институты, Германия, Гарчинг және Калифорния, Беркли, АҚШ) мен Андреа Гезге (Калифорния университеті, Лос-Анджелес, АҚШ) "біздің галактиканың орталығында супермассивті ықшам объектіні анықтағаны үшін" берілді.
Аталмыш үш ғалым биыл Нобель сыйлығын ғаламдағы ең экзотикалық құбылыстардың бірі – қара құрдымға байланысты жаңалықтары үшін алды.