Ғалымдар Эйнштейн болжап кеткен гравитациялық толқынды анықтады, − деп хабарлайды РБК. Бұл туралы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихаты кезінде белгілі болды.
Толқындар қыркүйекте Луизиана және Вашингтон штаттарындағы LIGO детекторында тіркелген. Мамандардың айтуынша, бұл нейтронды жұлдыздар мен қара тесік сияқты беймәлім нысандарды түсінуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, гравитациялық толқындар салмағы Күннен 30 есе үлкен болатын екі қара тесіктің соқтығысуынан пайда болады. Құбылыс Жерден 1,3 миллиард жарық жылында болған.