Экономика саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын америкалық экономист Ричард Талер иеленді.
72 жастағы маман Чикаго университетінде дәріс оқиды. Ол экономиканы адам психологиясымен байланыстыра зерттеген. Нарықты мінез-құлық бойынша саралап, адамның қоғамдағы артықшылығы мен өзін-өзі ұстауына баса мән берген. Қазіргі таңда жылдам қарқынмен дамып келе жатқан нарықтық экономика саласына арналған зерттеулері аса жоғары маңызға ие.
Экономика бойынша жүлде қоры - басқа салалардағыдай 1 миллион доллар.
Айта кетейік, жүлделерді табыстау рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Осыған дейін физология мен медицина, химия және әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері жарияланған болатын.