Біз күнделікті сөз арасында синоним ретінде қолданатын сөзіміз көп. Алайда бірдей мағына бергенімен әр сөздің өзінің қолданылатын орны болды. Мысалы баға мен құн деген сөзді алайық.
Бағалылық, құндылық, бағасы, құны, бағасыз, құнсыз деп бірдей мағына ретінде қолдана береміз. Дегенмен екеуінің аражігін ажыратып алған жөн. Біз бұл сөздерді көбіне тауарға қатысты қолданамыз. Экономика ғылымы да бұл сөздерді синоним деп есептемейді.
Тауар өндіріліп шыққаннан кейін өндірушілер оның құнын белгілейді. Ал ол сатылымға шығып, алып-сатушылар қолына тигеннен кейін сатушылар оған өздері қалаған бағасын қояды.
Демек «құн» сөзі өндірушінің қойған соммасы, ал «баға» сөзі алып-сатушының үстемелеп қойған соммасын айтқанда қолданылады.
Құн – тұрақты, баға – өзгермелі.