Аудиокітаптар ыңғайлы әрі тиімді, дегенмен, ақпарат есте қалу үшін баспа кітаптарды оқыған дұрыс. Неге бізге аудиокітап ұнайды?Фонограф арқылы кітапты тыңдауды ұсынған Томас Эдисон бұның трендке айналарын білмесе керек. Аудиокітаптың танымалдылығы жыл санап артып келеді. Бір ғана Ұлыбританияда 2013 пен 017 жыл аралығында аудиоктіаптардың сатылымы еі есеге артқан.АҚШ пен Канадада аудиокітаптарды өндіру тиімді бизнес көзіне айналған. 2016 жылы көшірмелерін сату өткен жылмен салыстырғанда 21%- ға артқан. Бұған ұсыныстың арту себебі түсінікті: кептелісте тұрған кезде, кезекте неесе өзге де жұмыстармен айналысып отырған да тыңдай беруге болады. Олар арзанырақ әрі сөре мен сөмкеде орын алмайды. Оларды өндіру де жеңіл. Көзіне зақым келгендер мен зағип жандар үшін әдебиет әлеміне саяхаттауға болатын еркін мүмкіндік. Неге баспа кітаптары әлі сұраныста?Дегенмен, аудиокітаптар өздерінің баспа аналогін толық баса алмайды. Неге? Аудиокітаптарда иллюстрациялар мен кестелерді көрсету мүмкін емес.Кейде оқыған адамның дауысы әсерінен мәтін қиын әрі түсініксіз қабылданады. Аудиокітапты бірден түсіну оқығанға қарағанда уақыт алады. Бастысы: кітап тыңдап отырып алаңдау үрдісі жиі іске асады. Сондықтан ақпаратты игеру уақыты ұзара түседі. Зерттеушілер пікірінше, кітапты аудио арқылы тыңдаған сәтте ойымыздың сан-саққа шашырайтынын айтады. Мәтінді көрмегендіктен, есте сақтау мүмкіндігіміз азаяды. Аудиокітап арқылы ұтудың жалғыз жолы видео. Тыңдарман идеоны көріп отырып, тыңдаған сәтінде ғана мол әсер алатыны анықталған. Кітапты қалай есте сақтауға болады? Егер уақытты үнемдегіңіз келсе, кітаппен бірге өзге істерді бірге алуды ойласаңыз, аудиокітаппен достасыңыз. Ал, мәтінді ұғынып, оны есте сақтауды ойға алсаңыз, кітапты оқыңыз. Дұрысы дауыстап оқу.