Араб математигі әл Хорезми Бағдатта тұрды. Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. Арифметика және Алгоритм терминдері сол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның Китаб әл жабр уә-л муқабәлә кітабы тақырыбының бір бөлігі болды Ал геогрф ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық картасын жасауға көмектесті. Толық есімі - Әбу Абдуллах Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми. 780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған. Орта ғасырлық ұлы ғалым - математик, астроном, тарихшы, жағрапияшы. Ол - әйгілі Шығыстың жеті жұлдызының бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Ғалымның латынша есімі Алгоризми, Алгоритми түрінде айтылған. Әл-Хорезми - жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға. Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулерімен танымал болды. Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласындағы Даналық үйінде өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді. Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады: 1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған; 2. Алгебра (Әл-жабр) және әл-муқабәләнің есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған; 3. Астрономиялық таблицалар (зидж) - Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ; 4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған; 5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап; 6. Күн сағаттары туралы кітап; 8. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат; 9. Тарих кітабы - адамзат тарихына арналған туынды. Дереккөз: bilim-all.kz