Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан ел намысын қорғаған Жасұлан Қалиев Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.
77 келіде бақ сынайтын отандасымыз жұлқа көтеруден үш мүмкіндігін де оңтайлы пайдаланып, 139 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 171 келіні басынан асыра көтерді. Қоссайыс қорытындысында 310 келіні бағындырып, қола жүлдені жеңіп алды. Ал алтын армениялық спортшы Хакоб Мкртчянға бұйырса, күмісті ирандық Венкат Рахул Рагала иеленді.
Нанкинге Жасұланның жолы күтпеген жерден түсті. Ол соңғы жаттығуларында жарақат алған Селімхан Әбубәкіровты алмастырған еді.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын жүлде бар. Оны Олимпиаданың бірінші күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев иеленген болатын. Еліміз сенім артып отырған бокс пен күрестен қазақстандық спортшылар 23 тамыз күні жарыс жолына шығатын болады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: alaman.kz