Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдошы Бауыржан Жауынтаев алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз шешуші сында әзірбайжандық Натиг Гурбанлиден басым түсті.
17 жастағы Бауыржан Жауынтаев 55 келіде өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингіне байланысты отандасымыз жарысты жартыай финалдан бастады. Бұл кезеңде ол түркиялық Огузан Караканы юко әдісімен жеңіп шыққан-ды. Финалда қарсыласына басымдығын танытқан Бауыржан Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz