ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті ямайкалық реггиді материалдық емес мәдени мұра тізіміне қосты. Бұл туралы ұйымның ресми твиттерінде хабарланды.
ЮНЕСКО-ның мәлімдемесінде: "Реггидің интеллектуалды, әлеуметтік-саяси сипатқа ие болуымен қоса, рухани музыка ретінде де әділетсіздікке қарсылық, махаббат пен адамзат тақырыбындағы халықаралық дискурсқа қосқан үлесі зор", - делінген.
Регги 1960 жылдардың соңында Ямайкада пайда болды. Оның қалыптасуына стилі джаз және блюзден шыққан ска және рокстеди бағыттарыны айтарлықтай ықпал етті. Бұл музыка соғыстан кейінгі жылдарда Америкамен Ұлыбританияға көшіп барған ямайкалық музыканттардың арқасында әлемге тез танылды. Реггидің ең танымал орындаушыларының бірі — Боб Марли.
Регги көбінесе растафарианизммен байланысты. Бұл жақтастары Жаратушы Джаға сенетін және марихуананы қасиетті деп санайтын діни қозғалыс. Кариб аралдарының мәдениет министрі Оливия Гранж: "Регги — бірегей құндылық. Біздің жерде жаралып, әлемнің әр бұрышына тараған музыка ",- деді.