Кеңестік кезеңде аты дүркіреген ақын бұл қағазға өміріндегі ең соңғы өлеңін жазып қалдырған екен.
Жәдігер Париждегі Drouot аукционында 200 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды аукцион үйінің твиттердегі парақшасы. Атақты автордың жеке заттарын оның жесірі, актриса Марина Влади саудаға шығарған еді. Ол заттарды тек ақша үшін ғана сатып жатпағандығын айтты. Марина Влади бұл қадамға баруға өміріндегі өзгерістердің себеп болғандығын алға тартқан.
Дереккөз: 24.kz