Бүгін - белгілі орыс ақыны, театр және кино актері, өз әндерін өзі орындайтын әнші Владимир Высоцкийдің туған күні. Ол 1938 жылы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында дүниеге келген.
Высоцкий 100-ден астам өлең, 600-дей шамасында ән мен балаларға арналған поэма (2 бөлімнен тұратын) жазған, жалпы оның қаламынан шамамен 700 поэтикалық шығарма дүниеге келген. Оның көптеген әндері кинофильмдерге арнайы жазылған.
Аталған күнге орай Владимир Высоцкийдің орыс тіліндегі "Біздің жанымызды құтқарыңдар" атты әнін назарларыңызға ұсынамыз.
Сурет: de.yoyowall.com