- Негізгі бет
- Музыка
- "ВКонтакте" әнші МакSим-ге...
"ВКонтакте" әнші МакSим-ге 6,5 мың доллар айыппұл төлейді
"ВКонтакте" әнші МакSим мен "Инфинити" тобының әнін автордың рұқсатынсыз жариялағаны үшін 210 мың рубль (6,5 мың доллар) айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Росбалт" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұл Ресейдегі Солтүстік-Батыс округының арбитражды сотының шешімі. Әлеуметтік желі өкілдері соттың бұл шешіміне қарсылықтарын білдіріп, аппеляция берген болатын. Әйтсе де олардың өтініштері қабыл болған жоқ. Әншінің құқығын қорғаушы "Гала Рекордс" компаниясы өз кезегінде желі басшылығы күмәнді аудио жазбаларға шектеу қою шарасын өз дәрежесінде жүргізбеген деген айыппен сотқа арыз берген болатын. Арыз берушінің айтуынша, желідегі іздеу параметрлерін өзгерту арқылы әншінің кейбір композицияларының фонограммасын да табуға болатындығын айтып, қапа болды.
Айта кетелік, айыптаушы тарап бастапқыда компаниядан 17 әннің рұқсатыз жүктелгендігі үшін 1,15 миллион рубль (36 мың доллар) төлеуді талап еткен болатын. "Гала Рекордс"-тың таратқан ақпараты бойынша, сот кезінде "ВКонтакте" басшылығы барлық айыпты желі қолданушыларына жабуға тырысып баққан. Дегенмен сот айып тағушы тараптың жағына шығып, әлеуметтік желіні 210 мың рубль айыппұл төлеуге міндеттеді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ru.tsn.ua