Бүгін, 15 тамыз күні, кеңес заманының аты аңызға айналған рок-музыканты, "Кино" тобының мүшесі Виктор Цойдың дүниеден озған күніне 22 жыл болды.
Виктор Цой дене шынықтыру мұғалімі Валентина Васильевна мен инженер Роберт Масимовиячтің отбасында 21 маусым 1962 жылы дүниеге келген. Отбасында жалғыз бала болған Цой 1974-1977 жылдары өнер мектебінде тәлім алады және осы жерде Максим Пашковтың бастамасымен "Палата №6" тобын құрады. Жастайынан Михаил Боярский мен Владимир Высоцкийге бас иген, кейінірек Брюс Лидің өнерін құрмет тұтып, оның имиджіне еліктей бастады.
Естеріңізге сала кетсек, Виктор Цой 1990 жылы 15 тамыз күні, сағат 12:48-де Латвия елінде жол апатынан қаза тапты. Атақты музыканттың қазасы мыңдаған табынушыны тітіреткен еді, тіпті кейбірі өз өмірлерін қиып жатты.
Цой мен "Кино" әлі де танымал және мыңдаған тыңдарманның жүрегінде. Сондықтан та болар ел аузында: "Цой не умер. Он просто вышел покурить" фразасы кеңінен таралған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/4sa2FgJuHVM?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: nyf-nyf.ru