"Үйленгенсің бе?". Ninety one тобының мүшесі жеке өмірі туралы сұраққа нүкте қойды

"Үйленгенсің бе?". Ninety one тобының мүшесі жеке өмірі туралы сұраққа нүкте қойды
Фото: xcialem

ALEM лақап атымен танымал әнші Батырхан Малик жеке өміріне қатысты жауап беріп, үйленгенін айтты. Әнші бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Желіде әншінің мешітте тұрған суреттері тараған еді.

 

TikTok желісінен алынған сурет 

Әнші сұхбат барысында осы жайтқа қатысты жауап берді.

"Заңды түрде емес. Тек неке қиылды. Бұл орталықта жүрген кезде болды. Біз үйлену жайлы ойламаушы едік. Үйдегі мама-папалар "Жас келді. Қашан үйленесің? Қыз алып кел. Қызыңмен таныспаймыз ба? Кім қызбен жүріп жүрсің?" деген сияқты айта береді ғой. Қысым болады мама-пападан, туыстардан. "Иә, осы" дедім, "онда неке қиып алыңдар" деді.

Тек мәжбүрлегеннен емес. Біз кейін міндетті түрде үйленеміз деп ойладық. Көп жұмысты ойлап жүргенбіз. "Үй жасау керек, үйім болуы керек", соны ойлап жүріп, бір күні "некемізді қиып алармыз, өзімізге де жақсы, Құдайдан рұқсат сұрап, бірге тұрамыз, мүмкін ата-аналарды тыныштандырып" деген ой келді", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Ninety One Түркістандағы концерт неге болмай қалғанын айтқан еді.

Ж. Қадыржанова