"Учкудук" - 40 минутта жазылған ән

"Учкудук" - 40 минутта жазылған ән

Өткен ғасырдың 70 жылдарында Ташкент қаласында құрылған «Ялла» ансамблі КСРО-да ғана емес, күллі әлемге танымал. Өзбекстанның танымал әншісі Батыр Закировтың бастамасымен құрылған ансамбль Испания, Швейцария, Үндістан, Мысыр, Түркия, Марокко, Польша т.б. елдерде өнер көрсетті. Ансамбльдің ән қоржынындағы «Чайхана», «Учкудук», «Шахрисабз», «Ялла» т.с.с. шығармалар талай тыңдарманның жүрегінен орын тауып, әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Ал шыққан бойда кеңінен таралып, кейін саяси жағдайларға байланысты шырқалуға жол берілмеген «Учкудук» әні ансамбль репертуарындағы ерекше әндерінің бірі.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары салынған Өзбекстанның Үшқұдық қаласын «Өнеркәсіп қаласы», «Жабық қала» деп атап кеткен. Себебі, Үшқұдық қаласында уран, алтын т.с.с пайдалы қазбаларды өндіретін. Қала КСРО картасына да түсірілмеген, есесіне қалың көпшілік Үшқұдықты көп біле бермейтін. 70-жылдардың соңында «Ялла» ансамблі Үшқұдыққа гастрольдік сапармен келеді. Ансамбль мүшелері өндірістік қалашық тұрғындарының назарына жаңа бағдарлама ұсыну керек деп шешеді. Дәл сол кезде олар мәскеулік танымал режиссер, ақын-сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыста болып, жаңа бағдарламаны бірлесе отырып құрайды.

«Ялла» ансамблінде «Антошка, пойдем копать картошку!» т.с.с. танымал балалар өлеңдерінің авторы, ақын Юрий Энтин біраз уақыт директор болып қызмет етеді. Ақын Қазақстанда жатқан Қызылқұм даласының Науайы облысы аумағындағы бөлігі мен шөл далада орналасқан Үшқұдық қаласын аралайды. Бұл саяхаттан үлкен әсер алған ақын өлең жаза бастайды. Кейін ансамбль мүшелеріне келіп: «Жігіттер, керемет өлең жолдары дүниеге келді, дереу әуен жазу керек» деп айтады. Аптап ыстықта ұзақ жол жүрген ансамбль мүшелері демалуды қалайтынын айтып жатады. Сол кезде ансамбль әншісі Фаррух Закиров гитараны қолға алып, «Учкуд-у-у-у-у-ук - три колодца» деп шырқай жөнеледі. Сол кезде ақын Энтин: «Міне, міне, дәл өзі! Осы реттен тайма! Бірде бір нотасын өзгертпе!» деп қуаныштан айқайлап жібереді. 40 минуттан кейін «Учкудук» әні дүниеге келеді.

Үшқұдық қаласындағы алғашқы концертте «Ялла» ансамблі жаңа әнді орындайды. Қалың көпшілік әнді зор ықыласпен тыңдап, қошеметке бөлейді. Көрермендер біртіндеп келіп, әншілердің қолын алып, ризашылықтарын білдіріп жатады.

Сол жылы Мәскеуден Орталық телевидения қызметкерлері келіп, «Жыл әні» («Песня года») жобасын түсіреді. Ансамбль ән қоржынындағы екі әнді айтад. Алайда, жоба редактор Елена Солдатова ансабмльге «Учкудук» әнін орындау беруін өтінеді. Дайындық жүргізілген кезде көрермен залында Өзбек ССР Компартиясының Орталық Комитетінің басшылары болады. Орталық комитеттің екінші хатшысы әнді тыңдап: «Үшқұдық туралы ән жазылған ба?» деп таңданады. Басшылық таңданысын бәзбіреулер сын деп қабылдап, әнді айтуға тыйым салады. Алайда, орталық телевидения төрағасы әнді рұқсатсыз эфирге жібереді. Ән бірден кеңінен танылып, елге таралады.

«Учкудук» әнінен кейін жұртшылықтың назары Үшқұдық қаласына ауып, барлығы өндіріс қалашығына баруды қалаған еді. Осы әннің арқасында Үшқұдық қаласы картаға түсіріліп, «Жабық қала» атағынан арылған еді.

Учкудук

Сөзін жазған Юрий Энтин

Әнін жазған Фаррух Закиров

Орындаушы «Ялла» ансамблі

 

Горячее солнце. Горячий песок
Горячие губы - воды бы глоток
В горячей пустыне не видно следа
Скажи, караванщик, когда же вода?

Қайырмасы:
Учкудук - три колодца
Защити, защити нас от солнца
Ты в пустыне - спасительный круг,
Учкудук

Вдруг дерево жизни - таинственный страж
А может быть это,лишь только мираж
А может быть это,усталости бред
И нет Учкудука, спасения нет

Қайырмасы:

Любой в Учкудуке расскажет старик
Как город-красавец в пустыне возник
Как в синее небо взметнулись дома
И как удивилась природа сама

Қайырмасы:
Учкудук
- три колодца
пусть над ним пусть над ним пусть над ним светит солнце
Ты в пустыне - спасительный круг
Учкудук

 

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: bashgazet.ru, mus-ucoz.com

Ғ. Ұзақ