Даланың дауысын естіп пе едіңіз? Еркін, шексіз, айбынды да адуын дала – табиғат данышпанының жемісі… Күннің шапағы ұлан-ғайыр жазық жерді қызыл-күрең түске бояп, шексіз мұхит онда мекен ететін тіршілік иелерінің түрлі дыбыстарына толады. Биікте дала қожайыны шарықтап, самал жел шөптерге үздіксіз әуенді сыбырлайды. Ал кешкілікте дүние тәртібі бойынша күндізгі бояулар қараңғы, жұлдызды аспанға ауысады… Алыстан бір бәсең әуен естілгендей болады. Даланың дауысы, жанды әуендер адам жанын түрлі күйге түсіріп, еліктіреді… Естисіз бе? Мәңгілік үні осындай…
ҰЛЫ ТҰРАН! ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК!...
Композициялар қалай туындайды? Жаңа шығармашылық құрамдас бөлік, жаңа туындылар қандай жолмен дүниеге келеді? Тыңдарманның жүрегін оятып, ұлы дала музыкасымен танысуына ынталандыратын әлдебір әуеннің қасиеттері қандай болуы керек?...
Әр адам өз жолымен жүріп, өз өмірін сүреді. Жолымыздың басында әрқайсымыз да өміріміздің қызықты оқиғаларға, қуанышқа толы болуын, мақсаттарымызға жетіп, шығармашылықпен айналысуды қалаймыз. Алайда, орта жолда көпшілігіміз бағдарды жоғалтып, қалыптасқан жабықтыратын және жалықтыратын тәртіптерден өмірімізден ләззат алу қабілетін жоғалтамыз. Өмірді толығымен сезініп және жете түсіну әркімнің қолынан келе бермейтін дүние. Өз ұстанымынан айнымай, сынақтардан өтіп, жаңа жеңістер мен табысқа ұмтылу үшін ерекше қасиет – мінез қажет.
Міне, Тұран шығармашылығына да 9 жыл толды. Топ 9 жыл бойы дамып, болмысқа деген қатынасын, көзқарасын қалыптастырды. Бірінші күйтабағының жарық көргеніне де 9 жыл болды. Енді міне, Сіздің назарыңызға өзгеше қатынас пен тереңдікті қамтыған жаңа күйтабақ –«ҰЛЫ ТҰРАН! ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК!» күйтабағы ұсынылады.
Ерекше дыбыстарды аулап сезетін Тұран өнерпаздары кімдер? Әлемді жаулап алу – олардың мақсатына кірмейді. Әлемнің өзі олардың алдында есігін ашқан. Топ дүниежүзілік концерттік алаңдарда концерттер беріп, сүйіп тыңдаушылар мен өздері атаққа ие болған тұлғалардың қошеметтеріне бөленді... Ал топ мүшелері музыка арқылы адам жанын ұғынып, өз білгендерімен бөліседі. Бұл - өз ісіне құштар, әлемге ерекше көзқараспен қарайтын, өз ойын еркін білдіре алатын музыканттар.
ҰЛЫ ТҰРАН! ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК! – дыбыстар қазынасы, біріші аккордтарынан өзге, жұмбақ әлемге еліктіріп әкететін ерекше құбылыс. Мүмкін бұл өзге дүние шын мәнінде ақиқат шығар?
Музыкадағы екпін дегеніміз – дыбыстар қозғалысының жылдамдығы. Музыканың өзіндік уақытты өлшеу бірлігі бар. Ол жүрек дүрсіліне және тамырдың бір қалыпты соғысына ұқсайды. Музыка – терең эмоция және күшті әсерлерді тудыратын өнер түрі, ал музыка жазу үрдісі қызықты әрі мистикалық жағдайлармен қатар жүреді. Мәңгілік шабытты іздеумен туындаған «ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК!» күйтабағы адамды толығымен еліктіріп әкетіп, жанын емдейтін музыкадан тұрады…
Дайынсыз ба? Естисіз бе? Сан ғасырлар мұрасы, заманауи композициялар музыканы сүйіп тыңдаушыларға, оны әр жерден естіп, сезетін адамдарға арналған, музыка жазушыларға және әуесқойларға, нағыз сапалы музыканы қадірлеушілерге, іздеушілерге және іздегенін тапқандарға, жасына қарамай, барлық буын адамдарына арналған музыка! Сіздерге арналған музыка!
«KS production» орындаушылары өз өмірінен және басқалардың өмірінен қуанышты сәттермен, өз жандарын толғайтын сезімдермен бөліседі!
«ТҰРАН» АНСАМБЛІНІҢ “ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК!” АТТЫ ҮШІНШІ КҮЙТАБАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Өтетін орны: Махатма Ганди 10, «ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының» концерт залы
Пресс конференцияның басталу уақыты: 18.00
Тұсаукесер концертінің басталу уақыты: 19.00
26 мамыр, 2017 жылы