Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің дүниеге келген күні.
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбек: «Тұманбай Молдағалиев – қазақ лирикасының королі. Оның лирикасында құс қанатының сусылы, желдің уілі, судың сылдыры, жапырақтардың сыбдыры естіліп тұрады. Ол – дүниедегі тебіреністер мен тербелістердің ақыны» - деп айтып кеткендей, Тұмаш аға қазақ поэзиясында өшпес мұра қалдырған қаламгерлердің бірі.
«Тұманбай Молдағалиевтың талантын досы да, дұшпаны да әлдеқашан мойындаған, қазақ әдебиетінің классигі. Тұмаш өлеңдерінің ішкі музыкасы басқаша болғандықтан ба, бұған дейін бес жүзден астам өлеңіне ән жазылды. Қазақ ақындарында ондай көлемде әнге айналған поэзия бар ма, жоқ па, оны білмедім. Осы жағынан келгенде Тұмаштың поэзиясы өзгеше, өміршең» - дейді марқұм Тұрсынбек Кәкішев. Назарларыңызға ақынның сөзіне жазылған бір топ әндерді ұсынамыз.
МузАрт тобы. Қайран менің жүрегім
КешYou. Құстар қайтып барады
"Жігіттер" - Жан досым
Медеу Арынбаев - Бақыт құшағында
Айгүл Қосанова, Ақылбек Жеменей - Қаздар қайтқанда
Батырхан Шүкенов - Отан Ана
Дос-Мұқасан - Куә бол
Роза Рымбаева - Шақырады көктем
"Сүнекеш" тобы - Алматы түні