15 желтоқсанда Республика сарайында америкалық танымал әнші Тони Брэкстонның кеші өтеді, деп хабарлайды Gazeta.kz. Концерт Мәдениет жылы аясында өтпек.
Әлемдік соул-вокалдың ең танымал жұлдызы, 6 рет Гремми сыйлығын жеңіп алған Тони Брэкстон Республика Сарайының жөндеуден өткеннен кейінгі қалпын өзінің талаптарына жауап беретін орын деп тапқан екен. Десек те, концерт ұйымдастырушылары концерт өтетін залдың техникалық мүмкіндіктері туралы күмәнді ойда болғанын жасырмай айтыпты.
Айта кетерлігі, еліміздегі Республика сарайы Jamiroquai ағылшын тобының концертінің барлық талаптарына сай келіп, өткен күзде жоғары деңгейде атқарып шыққан болатын. Тіпті еуропалық залдардың біразы Алматыдағы сараймен жарыса да алмайтын көрінеді. Сол үшін де концерт алматылықтар мен қала қонақтарының есінде күздегі өткен ең бір масштабты жаңалық ретінде қалып еді.
Тони Брэкстон көрерменге «Un-Break My Heart», «Breathe Again», «You’re Makin' Me High», «He Wasn’t Man Enough» әндерімен жете таныс.
Билет құны 10 000-70 000 теңге.
Билет 9 қарашадан бері Республика сарайының кассаларында сатылымда.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/nY8ay-7Kpag?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"300"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/p2Rch6WvPJE?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"300"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: kassir.kz