Ресейлік рэп-орындаушы және продюсер Тиматидің Black Star Inc. музыкалық лейблы қазақстандық Buhar Jerreau тобымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тиматидің айтуынша, қазақстандық орындаушылар "өте сапалы әрі әдемі музыка жасайды". Тимати, сонымен қатар, топтың бейнебаяндарының да креативке толы, ерекше екендігін айтып өтті.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/t-ZGzFcqQ7Q&feature","width":"450","height":"256"});
Buhar Jerreau. "Мост" (Көпір).
"Менің пайымдауымша, Buhar Jerreau-дың потенциалы өте үлкен. Біздің басты мақсатымыз таланттардың әуенін көпшілікке таныту, музыкасын тыңдармандарға кеңінен насихаттау. Халық өз беттерімен жұмыс істей алатын осындай жас әрі креативті жігіттердің бар екендігін білуі керек", - деді Тимати.
Buhar Jerreau-лықтардың айтуынша, олар жұмыстарын барлық орындаушылар секілді туындыларын интернетке жариялау арқылы бастаған. "Келіссөздерден кейін екі тарап серіктес болу туралы келісім-шартқа отырды. Яғни, әрбір тарап бір-бірінен бөлек жеке бірлік ретінде қалады", - деді қазақстандық топтың өкілдері.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/oeA22r9YnRQ&feature","width":"450","height":"256"});
Buhar Jerreau. "498".
Алматылық Buhar Jerreau ұжымының мүшелері Кеничиро, Ташоки және Шпион өз беттерімен музыка жасап, сөз жазады және өз-өздеріне продюсерлік етеді. Топ мүшелерінің айтуынша, олардың туындылары музыкалық эстетика тұрғысынан Blackalicious және Gorillaz топтарының әуендерімен үндес.
"Бұл іскерлік келісім-шартқа көп үміт артамыз. Black Star - әртістер үшін ең жақсы алаңдардың бірі. Бұл біз үшін өз музыкамызды ел назарына ұсынудың жақсы мүмкіндігі" - деді топ мүшесі Шпион.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yvi.kz