- Негізгі бет
- Музыка
- The Spirit Of...
The Spirit Of Tengri күнделігі: «Баба Зула» тобы
Қадірлі, massaget.kz жастар танымдық порталының оқырмандары, біз сіздерді жуырда өтетін атаулы фестивальдің қатысушыларымен таныстыруды жалғастырмыз.
«Баба Зула» Түркияның Стамбул қаласынан келетін қатысушы топ. Оның тарихы 1996 жылдан бастау алады. Сол кездің өзінде ұжым негізге түріктің халық әндерін алуды мақсат еткен. Ал тәжірибе ретінде олар түрік этникасына 1960 жылдардың авангардтық сарынын қосып орындауды іске асырып көрді. «Баба Зула» әуендерінің өзегі парсының ішекті аспабы saz көмегімен орындалады. Режиссер Фатих Акин 2005 жылы «Стамбул сарыны: Көпірдің кос беті» атты деректі фильмді түсіргеннен кейін «Баба Зула» тобы бүкіл әлемге таныла бастады. Айта кетсек, «Баба Зула» Еуропаның көптеген этнофестивальдерінде, соның ішінде британдық Вомад және даттық Роскилле фестивальдерінде бесленді қатысып келеді.
Бұл ерекше топтың The Spirit Of Tengri фестиваліне келуі фестиваль ауқымының жылдан-жылға кеңейіп жатқанын көрсетеді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Ж. Өрісбай