The Spirit of Tengri – 2019: Көпшілік асыға күткен шоудың өтетін уақыты белгілі болды

The Spirit of Tengri – 2019: Көпшілік асыға күткен шоудың өтетін уақыты белгілі болды
Фото: massaget.kz

The Spirit of Tengri фестивалі – Алматы шаһары тұрғындары мен қонақтары жүрегінен айрықша орын алған шара. Бұл музыка – мерекесі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір жерде тоғыстырған мульти-мәдениетті ортаның басты ерекшелігін көрсететін бірегей шара. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен Жастар жылы шеңберінде өткізіледі.

Ашық аспан астында өтетін концерт 25, 26 мамырда Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. Алматы тағы да этно музыканың тұрағына айналмақ. 

Шара қонақтары Өзбекстан, Эстония, Украина, Венгрия, Мозамбик, Испания, Тува Республикасы, Әзірбайжан, Үндістан, Мали, Нигерия, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран, АҚШ және Қазақстан елдері музыканттарының әндерін тыңдай алады. Жоғары дәрежелі 70 музыкант 13 музыкалық топтың құрамында өнер көрсетеді.

Әр жаз сайын Алматы қаласы Республика сарайының алдында өтетін музыка мерекесін жыл бойы күтетін көпшілік бірнеше күн бойы жан тебірентер сазды әуенге еліте, құмары қанғанша билейді. Әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрін Қазақстан жерінде таныстыратын мәдени жобаға аса контрастты қонақтардың жиылуы әдетке айналған. Олардың қатарында кәрі де, жас та, түрлі ұлт, ұлыс, діни сенім, нәсіл өкілдері де болады.

Іс-шараның бас серіктесі – Salem Social Media. Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді. Шараның ресми сусыны – Samal.

Фестивальдің ұйымдастырушылары The Spirit of Tengri бағдарламасының кейбір мәліметтерімен бөлісіп, биыл фестиваль көрермендері мен қонақтарын не күтіп тұрғанын айтты.

The Spirit of Tengri фестінің бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, биылғы жылы фестивальге 16 елден 70-тен астам өнерпаз қатысады. Әзірбайжан, Үндістан, Иран және Мысырдың үздік музыканттары фестиваль сахнасына шығады. Мысалы, Үндістаннан келген қонақтар Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің алдында өнер көрсеткен екен.

"The Spirit of Tengri фестінің жұмысы ешқашан тоқтамайды, біз жыл бойы жұмыс істейміз. 2019 жылдың мамыр айында өтетін фестивальға қатысушылардың іріктеуі өткен жылдың желтоқсан айында аяқталды. Фестиваль аяқталғаннан кейін біз келесі жылдың шарасына дайындық бастап кетеміз. Өнерпаздарды таңдаймыз, биылғы жылдың "жаңа" музыканттары "екі жыл бойы өтініш беріп келген", жыл сайын біз мыңдаған өтініш аламыз. Сондай-ақ, біз Womex этно музыка көрмесіне қатысамыз. Сол жерден үздіктерімен байланыс орнатамыз" - деді Жан Қастеев.

The Spirit of Tengri жобасының бас менеджері Сергей Майборода: "Біздің команда үшін еліміз бен шетелдік тыңдармандардан түсетін пікірлер аса маңызды",- деді.

"Фестиваль жыл сайын қызықтырақ бола түсуде. Шара даму үстінде. Біз оны мақтан тұтамыз. Биыл да сол әдеттен айнымай команда керемет шоу ұсынбақ және көрермендерге ұнауы үшін барын салады. Дегенмен, мен бір ерекше атап өткім келеді. Әрине, The Spirit of Tengri жобасы жоғары дәрежелі әртістермен жанданған, жоғары сапалы дыбыс аппараттарымен жабдықталған жарқын шоу. Десе де, мұндай артықшылықтардан бөлек, ең бастысы оның атмосферасы деп білеміз. Есте сақталар атмосфера жүректе ұмытылмас із қалдырады. Фестивальдің сағындырған атмосферасын қайта сезіну мүмкіндігі туады",- деді Сергей Майборода.

The Spirit of Tengri жобасының режиссері Марина Ожерельева алдағы шоу туралы ой бөлісті: "The Spirit of Tengri – қазіргі заманғы этникалық музыканың ең ауқымды және жалғыз фестивалі. Биылғы жылы біз толығымен жаңартылған сахнада жарқын және ұмытылмас шоу көрсетеміз. Ол әлдеқайда ауқымды және айқын болады, және шоудың көрнекілігі өзгереді.

Сахна жағында жаңартылған кең экранды LED экрандар мен сахнаға біріктірілген бірегей дөңгелек экрандар орнатады. Мұндай жетілген экрандар жүйесі тұтас визуалды көрініс пен әдемі атмосфераны артыра түседі. Және, әрине, фестиваль тірі дыбысқа арналған жоғары сапалы аппаратура ғана пайдалады. Шара толықтай біздің ресми YouTube арнамызда да, Tengrinews.kz сайтында да онлайн режимінде көрсетілетін болады. Біз Сізді The Spirit of Tengri – 2019 жаңартылған шоуын тамашалауға шақырамыз!".

Биыл ұйымдастырушылар дайындаған тосын сыйлар қатарынан сахна дизайнын атап өтуге болады. Фестиваль талантты қазақстандық суретші Санжар Жұбановтың үңгір картиналары негізінде жасалады. Тастағы суреттердің авторы биыл Парижде өткен Әлем суретшілері көрмесінде өз жұмысын көрсеткен болатын. Оған әлемнің 150 елінің суретшілері мен коллекционерлері қатысты. Стендте Моника Беллуччи сияқты көптеген танымал адамдар болды. Францияға апарылған барлық жұмыстарды сол жерде барлығы сатып алды.

Халықаралық The Spirit of Tengri жобасын 2012 жылы "Тенгри FM" ұлттық радиостанциясы құрды. Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Дала халықтарының мұрасын қазақстандықтар мен қонақтарға және бүкіл әлемге таныстыру. Жоба ұлттық масштабтағы мәдени брендтің мәртебесіне ие. Фестиваль барысында 120 мыңнан астам қонақ пен көрермен жиналады. Жоба шеңберінде ұйымдастырылатын концерттер – ақпараттық материалдарымен және бейнематериалдарымен қатар жүретін жарқын, түрлі-түсті музыкалық шоу. Яғни, ол тек ойын-сауық емес, сонымен қатар танымдық сипатқа ие.

А. Оралқызы