Тейлор Свифт – үздіктердің үздігі

Тейлор Свифт – үздіктердің үздігі

Кешегі күні, мамырдың 19 жұлдызында Лас-Вегаста Billboard Music Award премиясын салтанатты тапсыру кеші болып өтті.

Музыкалық марапаттардан бір төбе айырмаланатын Billboard премиясы статистикалық нақты анықтамаларға сүйенеді: альбомның сатылымы, концерттен түскен табыстар, радиодағы шырқалым. 

Америкалық кантри-әнші Тейлор Свифт Billboard премиясының триумфаторына айналды - басты номинациясы саналатын "Ең үздік әртіс" атауымен бір қатарда сегіз бірдей мүсіншеге (статуэток) иелік етті.  

Жыл орындаушысы Джастин Бибер атанса, топ жағынан - "One Direction" ұжымы. 

Мадоннаға екі мүсінше бұйырды - үздік тур-орындаушы және үздік би қойылым нөмірлері үшін. Ал Рианнаға болса, радиодағы көп шырқалымы үшін арнаулы сыйлық табысталды.

сурет:rus.tvnet.lv 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига