Қазақстанға Қытайдан келген қандастарымыз әкелген "Қара жорға" биінің әнін жезтаңдай әнші Тамара Асар сөзін өзгертіп, жаңғыртып, қайта жазды. Ән мәтінін Оңайгүл Тұржан ақынға жазғызып, жаңа нұсқасын "Ханзада" тобымен бірге орындап жүр. Алдағы уақытта әнге бейнебаян түсіріп, елді жігер беретін әнімен тағы бір қуантпақ.
Сөзімізге Тамара Асар инстаграмдағы парақшасында жариялаған бейне мен ютубтегі мына видео дәлел болады. Жаңа нұсқаны көріп, бағасын беріңіздер.