Стокгольмде ABBA тобының мұражайы ашылады

Үстіміздегі 2013 жылдың мамыр айында Швецияда ABBA тобына арналған мұражай ашылады.

Мұражай қонақтарына алдымен 360 градустық экранда Юнас Окерлаундтың фильмі көрсетіледі. Содан соң ниет білдірушілер өзін коллективтің бесінші мүшесі ретінде сезініп, топпен бір сахнада бола алады. Және де ABBA дыбыс жазу ел назарына ұсынылады. Аудиогидтің арқасында қонақтар топ мүшелері Агнета, Бенни, Бьорн және Фриданың аузынан топ өмірі туралы қызықты ақпараттарды ести алады.

"Жаңа мұражай топтағы жалпы атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді. Және де 70-80 жылдары қол жеткізген жетістіктің дәмін сезінуге болады. Бұл мұражай емес, қонақтарды сахна атмосферасымен, сахна сыртымен таныстыратын деректі жоба болғалы тұр", - деді топ мүшесі Бьорн Ульвеус журналистерге берген сұхбатында.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/unfzfe8f9NI","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: fanpop.com