- Негізгі бет
- Музыка
- Соңғы 30 жылда...
Соңғы 30 жылда поп-музыка мұңды бола түсті
Фото:
vk.com
Калифорния университеті ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, соңғы 30 жылда музыканың эмоциялық көрсеткіші төмендеп, мұңды бола түскен.
Бақыт, қуаныш, шаттық сынды эмоциялардың өтімділігі нашарлап, тыңдарман үшін маңыздығы бәсеңдеген.
"Бір қарағанда жұртшылық ритмді, билеуге ыңғайлы, көңілді әндерді көп тыңдайтын сияқты көрінетіні рас. Бірақ, зерттеу нәтижесі керісінше", - дейді ғалымдардың бірі Наталья Комарова. Поп-музыканың мұңды мәтінімен қоса, ритмінің де жиілей түскенін ғалымдар психологиялық тұрғыдан адамдар ішкі мұңын, уайым қайғысын ұмытқысы келетіндігінің белгісіне балайды.
Музыка саласындағы осындай өзгерісті кей зерттеушілер әнші, орындаушылар қатарында әйелдердің басым келуімен байланыстырады.
А. Оралқызы