Иә, Эйнштейн скрипкада ойнауды жақсы көретін болған. Тіпті бір кезде Германияда өткен қайырымдылық концертінде сахнаға шығып өнер көрсетіпті. Мұны көріп отырған БАҚ өкілдерінің ішінен жас журналист «әртістің» шеберлігіне жоғары баға беріп, құлаш мақала жазған екен. Бұл журналист кейін де өзінің газетке шыққан мақаласын жұртқа көрсете мақтанып, Альберт Эйнштейн ешқандай да ғалым емес, оның орнына виртуоз скрипкашы деп мақтап өткен екен.
Қызығы қызық, жалпы музыка саласында мұндай қызықтар өте көп, ендігі кезекте солармен таныстырып өтейік...
Дирижер таяқшасының дұрыс қозғалмай қалғанынан қайтыс болған сазгер кім?
18-19 ғасырларда оркестрдің құрамында дирижер маманы болмайтын. Музыкадағы тактты оркестр құрамындағы әрбір музыкант бас изеуімен немесе скрипкасын соғып қалумен білдіріп отырған. Ал 17 ғасырда француздың ұлттық Жан-Батист Люлли операсында такттың ауысқанын білдіретін таяқшаны сермеп қалған сазгер өз аяғын жараланыпты. Ал кейін сол жара асқынып, соңында өлімге дейін апарған екен.
Қай консерватория қабылдамай қойған сазгерінің атында?
Италияның атақты Джузеппе Верди атындағы консерваториясы кезінде сол Джузеппе Вердидің өзін 1833 жылы оқуға қабылдамай қойыпты. Музыкалық таланты жоқ деп бетінен қайтарған оқу орнының тағы да басқа себептері бар. Ол Ломбардо-Венецияндық корольдігінің азаматы болмағандығы.
Қай музыкалық шығарма 2640 жылы ойналып бітеді?
Джон Кейдж шығармаларының бірі «Organ?/ASLSP (As SLow aS Possible)» деп аталатын пьесасы 20 минуттан 70 минутқа дейін созылады екен. Ал жақша ішіндегі ескертуде «мейлінше ұзақ ойналсын» деген сөз бар болғандықтан, оны Хальберштадт деген неміс қаласында 2001 жылы бастап әлі күнге бітірмей келеді. Органда ойналып тұрған пьеса 2640 жылы бірақ ойналып бітеді деп жоспарланған. Бір ерекшелігі, шығарма аккорды бір жыл сайын өзгеріп отырады.
Гуантанамо деген атақты түрмеде жазалап, қинау құралы ретінде қай музыка ойналады?
Американың атақты түрмесінде Metallica тобының әндері жаза өтеушілерді қинау құралы болып табылады. Топ әншісі Джеймс Хэтфилд өз сұхбатында: «Біз өзіміздің ата-анамыз бен әйелдерімізді осы музыкамен қинап келдік қой, ал енді неге қылмыскерлерді қинауға болмасын?» деп, бұған оң көзқарас білдіріпті.
Украинаның әлемге танылып үлгерген жұлдызы Каролина Куек Ани Лорак есімімін таңдапты. Жас кезінде Каролина «Утренняя звезда-95» байқауына қатысқан кезде қатысушылар қатарында тағы да бір Каролина есімді әнші қыз болған екен. Сондықтан да ол өз атын кері оқып, Ани Лорак деген атты таңдаған болып шықты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com, soccer.ru, in-road.ru, compendium.ro, helemor.com, anilorak.com