Ethnotronica Almaty электронды музыка фестиваліне бір аптадан аса уақыт қалды! Үш сағаттық эксклюзивті dance-шоуға Таулы Шориядан келген тамақпен ән айту техникасы бойынша танымал орындаушы Чылтыс Таннагашева қатысады.
Жобаның бас серіктесі — Magnum Cash & Carry. Фестиваль Қала күні аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жоба серіктесі — Музкафе.
Технология мен музыканың тоғысуымен жасалған шоу 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де қаланың басты open-air-алаңы — Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық көшелерінің қиылысында) өтеді. Кіру тегін.
Таулы Шория — Алтай, Саян және Кузнец Алатауының тоғысқан жерінде орналасқан таулы-тайгалық өңір. Бұл өңір өз атауын байырғы тұрғындары — шорлардан алған: олар Шыңғысханға қару-жарақ жасаған ұсталарымен белгілі болды.
Chyltys вокалын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әншінің дауысы бірегей және өте жоғарыдан тамақпен айтудың ерекше тембрлеріне дейін түрленеді. Бұл әйел дауысы үшін сиректік. Шор фольклоры батырлық поэмалардан тұрады: батырлар жайлы аңыздар, ертегілер, жұмбақтар, мақалдар, сондай-ақ әндер — аңшылық, той, махаббат, мақтау және тарихи.
«Сәлеметсіздер ме, менің достарым, қазақ халқына алғыс білдіре отырып, мың мәрте сәлем айтамын. Мен сіздерге этномузыканы жаңаша үнде көрсету үшін Алматыға қуана-қуана ораламын! Сеніңіздер, бұл өте керемет өтеді! Бәріңізді 10 қыркүйек күні Абай алаңында күтемін!» - деп бөлісті орындаушы бейне хабарламада.
Арнайы Ethnotronica Almaty үшін Chyltys-пен бірлескен қойылымды DJ Kokonja дайындап жатыр.
Kokonja — алматылық электронды сахнаны Boiler Room-де көрсеткен ZVUK коллективінің резиденті, жас DJ. Ширатылған ырғақтар, брейкбиттер, жабайы перкуссия және азиялық грув би алаңын толтырып, оны тоқтаусыз бидің дыбыстық бейнелер ағынына айналдырады. Ол үшін музыка — қазақ мәдениеті мен тілінің маңыздылығын қайтара алатын күш. Kokonja сондай-ақ визуалды және саунд-суретші, оның жұмыстары Қазақстан галереяларында көрсетілді. Ал осы жылы олар Германиядағы Касселеде Documenta заманауи өнер көрмесінде ұсынылды.
Сондай-ақ фестивальде Жомбор Фехер (Венгрия), Радик Тюлюш (Тыва), Simi триосы (Грузия), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан) топтары, электронды сахна әртістері — AlmaLogic жобасымен Нариман Исенов, Edige, Ruus, Layla-Qobyz (Қазақстан), сонымен қатар Nuketai және Айжан Бектұрган (Қазақстан) секілді жеке өнер көрсетушілері және АRTballet (Украина/Қазақстан), TUMОR dance group (Өзбекстан), Gzeba Georgian Dance (Грузия) би коллективтері өнер көрсетеді.
Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасы этникалық сарындардың электронды дыбыспен үйлесетін XXI ғасырдың үнін көрсетеді. Заманауи музыкалық тіл мен технологиялар бір-бірін толықтырып, қатар жүреді. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен қызметтердің пайда болуына әкеледі, ал технология музыканы жаңаша шығаруға мүмкіндік береді.
Нақты уақыт режиміндегі шоу кең экранды LED-дисплейлер жүйесіне таратылады, бұл үйлесім тұтас визуалды перформанс жасайды. Фестиваль сондай-ақ Tengri TV және The Spirit of Tengri YouTube-каналдарынан онлайн көрсетіледі.
Жоба серіктесі — Музкафе.