Өзінің биік өнерімен миллиондарды мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде ән шырқаған шетелдік жұлдыздар "Бастау" туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Қытайдың жарық жұлдызы, азиялық марапаттардың бірнеше дүркін жүлдегері, Димаштың "I am singer" байқауындағы басты қарсыластарының бірі, "Бастаудың" құрметті қонағы Терри Лин кеш жөнінде пікірін білдірді.
"Кеше Димаш өте жақсы өнер көрсетті. Мен оған қарап отырып, оны шын жүрегіммен мақтан тұттым", - деп жазды ол өзінің Weibo парақшасына.
Сонымен қатар Димашпен дуэт орындаған ресей әнші Кристина Орбакайте «Димаш Құдайберген сынды керемет әншімен дуэт... Рақмет, бұл ұмытылмас сәт болды»-, деді Instagram желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, "Бастау" 27 маусым күні "Астана Арена" стадионында өтті. естен кетпес керемет әсер сыйлаған концертке 30 мыңнан астам көрермендер жиналды. Бес бөлімнен тұратын ән кешінде Димаш төрт тілде ән шырқады. Сонымен бірге Евровидение-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор және Димаштың ұстазы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы кештің басты қонақтары ретінде өнер көрсетті.