"Сен мұңыңды бер маған" - шынайы сезімнен туған ән

Белгілі әнші-сазгер, актриса әрі жүргізуші, «Musicola» тобының мүшесі Карина Абдуллина қазіргі қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі. Ол қалың көпшілікті әдемі әуендері мен әсем даусымен баурап алған еді.

2009 жылы ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың шақырумен «Мұстафа Шоқай» фильмінде басты рөлді сомдайды. Кемеңгер тұлға Мұстафа Шоқайдың жары опера әншісі Мария Горина бейнесін сомдаған ол режиссермен жақынырақ танысып-білісу үшін оған өз шығармашылығын көрсетіп, әндерін тыңдатады. Сатыбалды Нарымбетов біраз әндерді тыңдай келе ішінен «Сен мұңыңды бер маған» әнін таңдап алып, бұл әнге фильм сюжеттерінің негізінде бейнебаян түсіруге болады деген ойын білдіреді. Бұл ойды әнші де қолдайды. Осылай «Сен мұңыңды бер маған» әні фильмнің саунд-трегіне айналып, кеңінен танылады.

Ақын Шөмішбай Сариев

Әнші ән әуенін осыдан он жыл бұрын жазған екен.  Оның туындылары автобиографиялық болып келеді. Ол ән шығару үшін шабытты айналасындағы жандардан алады. Ән мәтіні белгілі ақын Шөмішбай Сариев жазған. «Сен мұңыңды бер маған» әні шығармашылық жолда жүрген екі жанның арасындағы шынайы сезім мен адал махаббатты көрсетеді. Мұстафа бар ғұмырын арпалыспен өткізген жан. Ал Мария болса, жолдасы үшін бар қиындыққа төтеп беріп, өз өмірі мен өнерін құрбандыққа қиған аяулы жар. Карина ән арқылы осы екі тұлғаның бар болмысы мен бейнесін көрсеткісі келген екен.

Сен мұңыңды бер маған

Әнін жазған: Карина Абдуллина

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Орындаушысы: «Musicola» тобы

Жұлдыздарды жолдарыңа жайдын көк,
Мұңы аз ба, кайғысы мол, айдын көп,
Сен өнердiң адамысың, ақынсын,
Содан болар қуаныштан қайғың көп.

Тұлпарлардай зулап өмiр ағады,
Түн мұңайып жұлдыз жанар жанады,
Бұл өмiрде ғашық іңкәр болдым мен,
Сол бiр ақын жүрегiне жаралы.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты әнге арнайын мен саған.

Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк,
Мен өзiңдi ұнатамын асық боп,
Сенiң мұңды жырларына қосылып,
Домбыранды жырлатайын ғашық боп.

Жанарыңның тұнғиығы тереңде,
Домбыраңмен әсем сазды бер елге.
Айырбастап алсам сенiң мұңыңды,
Бақытты жан болмас деймiн менен де.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты әнге арнайын мен саған.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Ақпарат көзі: yvision.kz/post/185007

Суреттер: writers.kz, meloman.kz

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/HBJzOqY6zdY?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"330"});