Сазды саксофон

Сазды саксофон

Музыка әлемінде өзінің әдемі дыбысымен ерекшеленетін музыкалық аспаптардың саны көп. Солардың ішінде оқ бойы озық тұратыны да, беделдісі де - саксофон. Біз осы уақытқа дейін сіздерге бірнеше музыкалық аспаптардың тарихы жайлы молырақ деректер ұсынған болатынбыз. Ал бүгін солардың ізін сазды саксофон жалғамақ. Өзгелердей өзіндік түп-төркіні бар бұл аспаптың саз әлемінде артында сайрап тұрарлықтай біршама үлесі жоқ емес. Ендеше бұл аспап жайлы мағлұматпен танысып, оның түп-төркінене бойлап көрейік. 

Саксофон (Sax – саксофон аспабынның авторының фамилиясы. Ал грек тілінен аударған «дыбыс» деген мағынаны білдіретін  φωνή сөзі басқа да музыкалық аспаптарға телінгендей бұл сөзге де жалғанған) — ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспаптар тобына жататын аспап. Саксафонның отбасының тұғыры 1842 жылдан бастап қаланған. Оны дәл осы жылы музыкалық аспаптардың шебері бельгиялық Адольф Сакс дүниеге әкелді. Сакс төрт жыл уақыт өткен соң өз авторлық аспабын патенттеп те алды. Он тоғызыншы ғасырдың ортасында саксофон симфониялық үрмелі оркестрде қолданылды. Сонымен қатар бұл аспап кей кездері жеке ойналып, оркестрді жетелеп отырды. Саксофон джаз бен оған жақын басқа да жанрлардың басты музыкалық аспабы болып есептеледі. Эстрада жанрынан да бұл аспаптың ауылы алыс емес. Саксофонның дауысы тым ерекше. Күші де, дыбысталуы да бөлек.  

Саксофонның дүниеге келуі 1840 жылдармен тығыз байланысты. Динанда өзінің әкесінің музыкалық аспаптар жасайтын шеберханасында жұмыс жасап жүрген Сакс сол кезден-ақ ағаш пен мыстан жасалатын жаңа бір музыкалық аспапты жасаудың жолында жүрген болатын. Ол ағаш пен мыстың арасындағы тембрлік кеңдікті толықтырып, офиклеид аспабынан шығатындай дыбыстардың көзін жоюды қалады. «Мүштікті офиклеид» деген атпен жаңа аспап 1841 жылы Брюссельде өткен өндірістік жәрмеңкеде таныстырылды. Аспаптың сырты металл конус тәріздес етіп жасады. Ал мүштігі таза жіңішке тяқтан жасалды. Әйткенмен бұл формасы аса сәтті шыға қоймады. Әйткенмен көбінің көңіліне жақпай қалғаны да өтірік емес.

1842 жылы Сакс Парижде болып, сонда өзінің жаңа туындысын одан ары жаңартуға кірісті. 12 маусым күні Сакстың досы әрі музыкалық жетекшісі композитор Гектор Берлиоз жергілікті газетке "саксофон" деп аталатын жаңа музыкалық аспаптың өмірге келгендігі туралы жазды. Осыдан бастап Сакс саксофонмен орындалатын жаңа туындыны өмірге әкелді. Оны үрмелі алты аспаппен қосып орындады. 1844 жылы өзі осы туындыға дирижерлік етті. Ал  желтоқсан айында саксофон алғаш рет опера театрында ойналды. Ол кезде сахнада Жорж Кастнердің «Иудеяның соңғы патшасы» деген спектакльдің премьерасы өтіп жатыр еді. Дәл сол жылы аты шыға бастаған саксафон музыкалық аспабы Париждегі өндірістік жәрмеңкеде қойылды.

1846 жылы 21 наурыз күні Сакс Францияда жүріп, «саксофон деп аталатын үрмелі музыкалық аспапқа» патент алды.

Георгий Гаранян, Товмас Геворкян, Алексей Козлов, Давид Голощёкин, Декстер Гордон, Пол Дезмонд,  Дэвид Джексон, Ховард Джонсон, Джон Колтрейн Орнетт Коулман, Жан Мари Лонде (Лондейк), Джерри Маллиген, Брэнфорд Марсалис, Лев Михайлов, Федерико Мондельчи, Марсель Мюль, Чарли Паркер, Мэйсио Паркер, Фаусто Папетти, Сигурд Рашер, Бен Уэбстер сынды ұлы саксофоншылардың музыка әлеміне қосқан үлесі орасан.

Саксофонның түрлері

Сопранино

Сопрано

Альт
Тенор
Баритон
Бас

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: jazz-jazz.ru, wedding.ua

А. Әбілхан