- Негізгі бет
- Музыка
- Салық дауы: Қазақстандық...
Салық дауы: Қазақстандық жұлдыздар мәселеге қатысты түсінік берді
Табыс көзін жасырды деген күдікке ілінген қазақстандық жұлдыздар мәселеге қатысты түсінік берді. Бұл туралы олар КТК телеарнасының тілшілеріне айтып берді. Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасаған еді. Тізімде Асхат Тарғынов, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева, Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib), Әли Оқапов, Серік Ибрагимов, Мақпал Исабекова, Луина, Бүркіт пен Жанар Дұғалова бар.
Мәселен, 2015 жылы жылдық табысы орта есеппен 11 миллион долларды құраған (шамамен 180 миллион теңге) Бүркіттің айтуынша, ол таңғалысын жасырмады. "Мен осылай ақша табатын болсам, бірнеше пәтерім болар еді. Біз ән айтып, ақша таппаймыз деп кім айтты! Біз ән айтып, ақша табамыз, бірақ мұндай сомада табыс таппаймыз", - дейді Бүркіт.
Ал өткен жылы 51 миллион тапты делінген Әли Оқапов мемлекеттік қазынаға бірде-бір тиын төлемеген делінеді. 108 миллион теңге табыс көрген Дильназ Ахмадиеваның әкімшісі болса оның салықтарды төлеп тұратынын айтыпты.
Сонымен қатар Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Еділ Әзімшайық продюсер Баян Есентаева мен әнші Қайрат Нұртастың салық төлеген-төлемегенін анықтау үстінде екенін хабарлады. Сондықтан, оның айтуынша, тізімде жоқ әртістерге де тексерудің жүріп жатқанын ескертіп отыр. (Дереккөз: КТК)
Ал "Астана" телеарнасының тілшілеріне әнші Әли Оқапов бұл мәселе жайында жақ ашпауды ұйғарыпты. "Салық туралы комментарий бергім келмейді. Бүгін маған қоңырау шалған журналист қалмаған шығар. Ештеңе айта алмаймын", - деді ол. Дәл осылай Мақпал Исабекова да жауаптан бас тартып отыр екен.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін