Жобаныңосы шығарылымы әртүрлі жастағы көрермендерге қызықты болмақ. Нақтырақ айтсақ, сахнада өзіндік орны бар екі үлкен әртістің тоғысуы: ана мен бала арасындағы ән шашу өтпек. Жоба қатысушыларының бірі Роза Рымбаева өзінің ұлы Әлидің орындайтын әндерін түсінбейтіндігін мойындады. Ол өзінің қос ұлын кәсіби музыкант екенін айтады, алайда олардың әндерінің бағытын түсіне бермейді. Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов қазіргі таңда көрермендерге танымал әнші ретінде белгілі. Ол аз уақыт аралығында еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында халықтың сүйікті әншісіне айналды. Анасы мен ағасының жолын РозаРымбаеваның кіші ұлы Мәди де жалғап келеді. Жобаның тағы бір қатысушысыНағима Есқалиева болса, көптен бері сахнадан да, телеарналардан да көрінбей кетті. X Factor жобасында сахнаға шығып ән орындаған Диас Аблаевтың өнеріне анасының қарсылық танытқаны белгілі. Ол кезде Нағима Есқалиева аталмыш жобада әділқазы еді. Ал бүгінгі күні Диас Аблаев халыққа өзіндік ерекше ән айту стилімен танымал. Ол қазақ шоу бизнесінде өзіндік бағытын қалыптастырды. Диас Аблаевтың дауыс тембрін басқа әншілермен шатастыру мүмкін емес. Анасымен үнемі келіспей қалып, қалжыңдасып көрермендерді таңқалдырудан жалықпайтын Диас Аблаев көрермендерге арнайы ән-шашуы бар екендігін айтты. Олай болса бір әулеттен шыққан әншілердің бір сахнада тоғысуын 20 мамыр күні Хан Шатыр ойын-сауық орталығынан, сондай ақ Жетінші арнадан тамашалай аласыздар.