Сәлем саған, туған ел!

Құрметті Тәуелсіз Мемлекетіміздің ұландары мен қырандары, бүгінгі ұлы мерекенің құрметіне Массагет ұжымы сіздерге Тәуелсіздік, отан, туған ел туралы әндердің топтамасын ұсынады. Азаттықтың аспанында қанатын кеңге жайып қалықтаған қыран құстан аумаған бұл әуендер Қазақ эстрадасында да ерекше орынға ие. Еліміздің басына бақ боп қонған бейбіт заманның ғұмыры шексіз болсын! Әніміз таусылмасын, ағайын! Ендеше бәріміз қосыла әндетейік!

Сәлем саған, туған ел!

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев

Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін,
Сырда сұлу – күрішім,
Қырда бидай – ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/BSfUJKqO8MQ","width":"450","height":"338"});

Көк тудың желбірегені

Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы

Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан

Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mn4JJP7pZbU","width":"450","height":"338"});

Отан-Ана

Сөзін жазған: Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Қуат Шілдебаев

Қиын жылдардан аман келеміз,

Асыл заман, саған сенеміз. 
Жарқын өмір, жақсы күндер, 
Арнап сәлем береміз.

Жерім құлпырды, барын берем деп, 
Елім жасап-ау жатыр ер еңбек.
Ырысымыз тасып жатыр, 
Алға бастық жеделдеп. 

Қайырмасы: 
Жайнап өмір, 

Жұлдыз көгімде, 

Тұр ғой жарқырап, 
Көңіл көзді көп арбайды, 
Қиялыңды түгел тартып ап. 

Отан-Анадан қуат аламыз, 
Алға жеңіспен біз барамыз. 
Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ,

Жайнайды кең даламыз.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Eq5g2gpwVs4","width":"450","height":"338"});

Қазақ осы!

Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев

Әнін жазған: Ә. Телғозиев

Е-е-ей!

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.

Е-е-ей!

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы — көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы — алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы — ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей!

Қазақ осы — құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы — дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы — жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық — дәл аты.
Қазақ осы — өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9Nlkp4efDN0","width":"450","height":"338"});

Мен қазақпын!

Сөзін жазған: Жұбан Молдағалиев

Әнін жазған: Ерболат Құдайбергенов

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген!
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Руым көп, солардын аттарындай
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таттарындай.

Қашан қазақ атандым мен азандап? -
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.
Есіміме береді бала жасын
Құлпытасты шұқыған кей азамат.

«Ару – жолда, мал – терде, бала - белде»
Уайым түбі – теңіз ғой, бара берме. О-о-о!..
Жігер керек, жыр керек, жалау керек,
Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге.
О-о-о-о!...

Бұл кім десең,
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар.
О-о-о-о!...

Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген!
Жөргегимде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын,
Қырғыз ол - туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлкі,
Бөліп берген егізге уыс наннын.
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын –
Байтақ елмін, қайта тудым,
Өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,
Айта бергім!

Бұл кім десең,
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар.
О-о-о!..

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/17mwPmGIBy4","width":"450","height":"338"});

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: pushkinlibrary.kz