Сақпан – ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді.
Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке я сымға тізіледі. Жұқа ағаштар бір-бірімен беттескен кезде араларында саңылау болуы керек. Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді. Сақпан тасжарған, ырғай, сондай-ақ, жеміс ағашынан жасалады.
Сақпан аспабы ертеде тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Диқан-бағбандар егістікке қонған құстарды үркіткенде, ал шопан-бақташылар мал қайырған кезде қолданған. Сондай-ақ, сақпан аспабы арқылы ән-жырды сүйемелдеген. Бертін келе сақпан аспабы музыкалық аспаптар қатарына енді.
Бүгінгі таңда сақпан аспабы оркестр мен ансамбльдерде орындалатын шығарманы сүйемелдеп, айрықша дыбыспен әрлеу үшін пайдаланылады.
Форумда талқылау
Сурет ertegi.ru ғаламтор бетінен алынған