Роза Рымбаева түскен "Беш" атты клиптің ресми нұсқасы жарияланды (Видео)

YouTube сайтында елді дүрліктірген "Беш" атты клиптің ресми нұсқасы жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Клиптің продюсері бұл туралы өзінің Фэйсбуктағы парақшасында: "Достар, менің бұл видеоны интернетке жүктеуімнің себебі, бұған дейін интернетте клиптің шикі, өңделіп болмаған нұсқасы тарап кетіп, біраз елді дүрліктірген болатын. Енді бұл видеоның ресми нұсқасын қабыл алыңыздар. Естеріңізге саламын, бұл жай ғана пародия және әзіл ән. Бұл әнді барлық тойдың басты асы Бешпармаққа деген құрметіміз деп түсініңіздер", – деп жазды. 

Ресейлік әнші Тиматидің GQ әніне пародия ретінде түсірілген клипке Роза Рымбаева, Нұрлан Адбуллин, Big Som, Гурген Басенцян, Әли Оқапов, Александр Шумский, Давид Орбелиани, Ольга Кузнецова, Ерлан Мейірбеков сынды өнер адамдары түскен. Пародия мәтінінің авторы: Давид Орбелиани. Түсірген және монтаждаған: Юрий Щербинин, режиссер: Ғалым Асылов. Жоба продюсері: Александр Шумский.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/COE7uu_JlBg&index","width":"450","height":"255"});

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Александр Шумскийдің өзінің Фэйсбуктағы парақшасында клиптің интернетке тарап кеткеніне таңырқап, туындының әлі толық өңделіп болмағанын жазғандығын айтқан болатынбыз. Ол бейнебаянның ғаламторға техникалық қателіктердің себебінен жүктеліп кеткендігін жеткізген еді. 

Дайындаған: Ернұр Серік

сурет: YouTube сайтынан скриншот