- Негізгі бет
- Музыка
- Роза Рымбаева "Славян...
Роза Рымбаева "Славян базарына" шақырылды
«Витебсктегі Славян базары» Халықаралық ХХII өнер фестивалінің тікелей көрсетілімін тек Белорусь елінің тұрғындары ғана емес, елуге тарта елдер тамашалайтын болады.
Биылғы жылы Халықаралық ХХII өнер фестивалінің форумын «Беларусь 24» серігі арқылы «Беларусь 1», «Беларусь 3» атты жергілікті телеарналары көрсететін болады.
Эдита Пьеха, Надежда Бабкина, «Русская песня» ансамблі, Александр Малинин, Алена Ланская, Кристина Орбакайте, Елена Ваенга, Дима Билан, Полина Гагарина, Анатолий Ярмоленко және «Сябры» ансамблі мен Тина Кароль, «Евровидения-2013» байқауының жеңімпазы Эммили де Форест және отандық әнші Роза Рымбаевалар қатысатын шараны бүгін сағат 22.00-де (Астана уақытымен сағат 01) «Беларусь 1» және «Беларусь 24» телеарналары тарататын болады.
Онымен қоса, «Беларусь 1» и «Беларусь 24» телеарналары 13-17 шілде күндері сағат 22.00-де эстрадалық әндердің орындаушылары арасында өткізілетін Халықаралық «Витебск-2013» фестивалінен де трансляция жүргізеді. Жас дарындар сайысының жазбасын «Беларусь 3» телеарнасынан тамашалауға болады. Сайыстың теленұсқасы 29 шілдеде сағат 21.20-де көрсетілетін болады.
Осы телеарналар арқылы бүгін Евгений Гор, Марина Девятова, Алена Петровская, Искуи Абалян, Руслан Алехно, Виктория Алешко, Ирина Дорофеева, «Бяседа», «Купалинка», «Песняры» ансамбльдері мен «Чистый голос» вокалдық тобы «Достық концерті. Одақтық мемлекеттер шақырады...» атты шарада ән шырқайтын болады. Айтпақшы, бұл концертте отандасымыз Әлішер Кәрімов те сахнаға шықпақ. Басталуы – сағат 22.00.
Ал гала концерттің жабық форуымында «Беларусь 1» және «Беларусь 24» телеарналары көрсетеді. Жазғы амфитеатрдың сахнасында Лариса Долина, Леонид Агутин және Анжелика Варум, Татьяна Буланова, Петр Дранга, Наталья Подольская мен Владимир Пресняков, Ева Польна, Юлия Савичева, Петр Елфимов, Николай Скориков, Валерий Скорожонок, Злата Огневич пен «Витебск-2013» Халықаралық байқауының жас және ересек жеңімпаздары өнер көрсететін болады. Минск қаласының уақыты бойынша телекөрсетілім сағат 22.00-де басталады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: inform.kz
А. Әбілхан