- Негізгі бет
- Музыка
- Пётр Чайковский: "Ешқашан...
Пётр Чайковский: "Ешқашан масайрап кеткен емеспін"
Пётр Ильич Чайковский 1840 жылы 7 мамырда дүниеге келді. Атақты композитордың ата-аналары да музыкаға қызыққан – анасы фортепианода ойнап, ән салатын болған. Назарларыңызға композитор өмірінен аздаған қызықты мәліметтер ұсынамыз.
Чайковскийдің 1875 жылы жазған «Лебединое озеро» балеті алғашында халыққа жарияланған жоқ. Пётр Ильичтің данышпандық музыкасын көрермендер түсінуге, әртістер орындауға қатты қиналды. Бірінші жылғы қойылымында неміс балетмейстері Рейзингердің хореографиясы болды. Ол қызықсыз, адамды жалықтырады деп сыналды. 1895 жылы балеттің үлкен бөлігін танымал хореограф Петип қайта қарады. Соның нәтижесінде «Лебединое озеро» тыңдалды және оны бүкіл әлем мойындады.
Жас композиторге балетті жазу идеясы күн сайын терезесінен көрініп тұратын Воткин заводы бөгетінен туған.
"Щелкунчик" қойылымы әлемдегі ең танымал балет саналады. 1892 жылы 18 желтоқсанда Петербургте болған премьерасында көрермендер сол уақытқа дейін танылмай келген челеста (итальян тілінен аударғанда «аспандық») аспабының дауысын әуен күшіндей қабылдады.
1890 жылы неміс өнертапқышы Юлиус Блок фоноавтограф көмегімен қысқа дыбысжазба жасады. Музыкатанушы Леонид Сабанеевтің айтуы бойынша, Чайковский жазу құралдарын қолданбаған және одан алшақ болуға тырысқан. Юлиус Блок дыбысты жазарда композиторден пианинода ойнауды не бірнәрсе айтып беруді өтінді. Оған Чайковский: «Мен нашар пианиспін және дауысым да шіңкілдек. Оны мәңгілікке сақтаудың не қажеті бар?» - деп бас тартқан.
Бірде Чайковскийден: «Пётр Ильич, шамасы сіз мадақтан әбден шаршап, оған тіпті көңіл бөлмейтін де боларсыз?» - деп сұраған екен. Композитор: «Иә, әлеумет мен жайлы өте жақсы көзқараста, кейде маған лайық құрметтен де зорын көрсетуі мүмкін. Мен залда, жанымда Лев Толстой Андантты тыңдап, көз жасын көлдетіп отырса да есімнен танып, масайрап кеткен емеспін»,- деп жауап берген екен.
Ұқсас жазбалар:
Чайковский әуенінде қалықтаған Алматы
"Аққу көлі" - сахнадағы таңғажайып айдын (видео)
@. @assel_assanova